Наурыз
Әз Наурыз

Ұлыстың ұлы күніне орай Маңғыстау облысының түкпір-түкпірінде мерекелік шаралар өтіп жатыр. Бүгін Ақтау қаласында 15 шағынаудандағы теңіз жағалауында 26 киіз үй тігіліп, көпшілікке арналған мәдени шаралар ұйымдастырылды.

Наурыз
Ұлыстың ұлы күні

Сонымен қатар театрландырылған көрініс сахналанып, жергілікті өнерпаздар ән шырқап, би биледі. Жағалау жанында орнатылған алтыбақанға жастар жиылып, сауық құрды.

Алтыбақан
Алтыбақан

Халық теңіз жағалауында көрісіп мерекенің сәнін асыра түсті.

«Мен Жаңаөзен қаласынан Ақтауға 2-3 күнге қыдырып келдім әрі Наурыз мерекесін тамашаладым. Биылғы концерт маған ерекше ұнады. Алған әсерімді таныстарыммен бөліспекпін. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын!» — дейді Жаңаөзен тұрғыны Әйгерім Омарова.

Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған концерт отшашумен аяқталды.

Ақкенже БЕРКЕНОВА

 Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН