• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 480.61 ₸
  • EUR: 534.53 ₸
  • RUB: 5.28 ₸

Наталья ДЕМЕНТЬЕВА: «Мен халықтың қызметшісімін»

[ 2022 ] 31 мамыр, 16:00  |  Сұхбат

Маңғыстауға іссапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Наталья ДЕМЕНТЬЕВА «Маңғыстау-Медиа» жауапкершілгі шектеулі серіктестігінде болып, ұжыммен кездесу өткізді. Басқосудан соң Наталья Григорьевнадан қонақкәде ретінде өзі туралы әңгімелеуін өтінген едік.

-Ақмола облысының Көкшетау қаласының тумасымын. Ақан сері, Біржан салды өмірге әкелген жер болғандықтан шығар, мен де ән салуды, жалпы музыканы жақсы көріп өстім. Тәп-тәуір даусым да бар. Өзіңіз де білесіз, Көкшетау жұрты көбінесе орыс тілді болып келеді, мен мектеп қабырғасында жүрген кезде қазақ тілінде сөйлейтіндер некен-саяқ болатын. Мектепті бітіретін жылы жоғары оқу орнына заңгер мамандығына түскім келетінін анама айтқанымда, анам марқұм қазір екінің бірі юрист екенін, бұлардың барлығына бірдей жұмыс табыла бермейтінін айтып, менің қазақ тілі маманы болуыма кеңес берген еді. Ойлана келіп, мұның әбден дұрыс екеніне, өзің мекендеген мемлекетіңнің тілін жетік білсең, және оны өзгелерге үйретсең, одан асқан мәртебе болмайтынын түсіндім де, анамның қалауын орындауға бел шештім. Сөйтіп, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықтым.

-Содан соң қызу еңбек басталды дейсіз ғой.

-Иә. Еңбек жолымды Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастадым да, осы лицей-мектептін директоры лауазымына дейін жоғарыладым. Арасында А.Мырзахметов атындағы «Арна» Көкшетау колледжінде директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, «Қазақстан» телерадиокорпорациясында редактор, Ақмола облыстық филиалында тележүргізуші қызметтерін де атқардым. Әрі мұғаліммін, әрі журналистпін десем болады. Ал өткен жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты болып сайландым. Мені Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған.

-Жаныңызға ұстаздық жақын ба, әлде журналистика ма? Сіз үшін осы екі саланың қайсысы жемісті?

-Тап осы сауал маған жиі қойылатын сұрақтардың бірі. Бұл сұрақ қанша қиын болса да, жауап ретінде мен өзімнің ұстаздығымды мақтан ететінімді айтар едім. Ұстаз болғанда да, мен қазақ тілін өзге ұлттарға үйрететін маманмын. Мемлекетіміздің тілінің дәрежесін көтеру, қодану аясын кеңейту жолында 19 жыл бойы қазақ тілі маманы ретінде, тіл жанашыры ретінде, мемлекеттік тілді білу біздің борышымыз екенін жеткізіп келе жатырмын. Бұрын бір лицейдің директоры қызметін атқарып жүрген кездің өзінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен өзім сабақ беріп жүрдім. Ұстаздың құрметі—шәкірттерінің алғыс айтуында ғой. Мұғалім үшін шәкіртінің алғысынан артық ештеңе жоқ. Көптеген оқушыларым Канадада, АҚШта, Британияда, Үндістанда, Польшада тұрады. Сол балалардың кейбірі әліге дейін маған әлеуметтік желілерде хат жазатындары бар. Олар менің Мұхатар Шахановтың «Отырар дастанын», Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» жырынан үзінділерді оқытқанымды еске алып, қазақ тілін жақсы үйреткенім үшін алғыс айтып жатады. Ресейде тұратын кейбір шәкірттерімнің: «Сіздің арқаңызда қазақша үйреніп, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын түпнұсқадан оқи бастадық», деп жазғандары бар. Бұл оңай жетістік емес, әрине. «Абай жолы» өз алдына энциклопедия іспетті, оны кез-келген кісі тез түсіне бермейді. Міне, шәкірттерімнің осындай алғысына бөлене отырып, мен өзімді мұғалім санаймын және мұғалім болып қала беремін. Ұстаздық еткен 19 жыл ішінде менің оқушыларым қазақ тілі мен әдебиетінен өткен түрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар алып жүрі. Бұл да ұстаз үшін үлкен бір бақыт. Ал тележурналистикада өзімді еркін сезіндім. Көптеген жобаларың авторы болдым. 2005-2006 жылдары сол бағдарламаларымның бірін «Я научилась» деп атап, орысша жүргізе бастадым. Бағдарлама мақсаты—өзге ұлттар өкілдерін қазақша сөйлеуге шакыру. Мұның жетістігі көп болды. Маған аудандардан орыс тілді жастар келіп, бір айдарын жүргізуге көмекші болғысы келетіндерін айтып жатты. Мен олары қабылдап, бағдарламаны бірге жүргізіп жүрдік. Сөйтіп, бір жылдан соң бағдарламаны «Мы научили» деп өзгерттім. Осы менің тележурналистикадағы үлкен жетістіктерімнің бірі болды десем болады. Өзге ұлттың тілін білу және оны өзге ұлтқа үйрету—бұл басқаша миссия дер едім.

Осы білім беру салаласынан алған тәжірибем мен дағдыларым бүгінгі қызметімде де көмектесіп отыр. Мысалы, халық алдына шығып, дұрыс сөз сөйлеудің өзі қиын іс болғанына қарамастан, мен осы қызметті атқаруым керек деп түйгем. Мекетпте оқып жүргенімде ел алдына шығып, еркін сөйлей алмайтынмын. Тілдік кедергіге тап болғандай едім, көп білмейтін сияқты болдым. Бертін келе адам бәрін білуі мүмкін емес екенін түсіндім. Өзіммен жұмыс істедім. Цицерон Сократ туралы: «Сократтың даналығы оның бәрін білемін деп ойламауында» деген екен. Осы қанатты сөз менің жадымнан шыққан емес. Күнде кітап оқу керек әсіресе, психологиялық кітаптар оқу арқылы біздің дүниеге деген көзқарасымыз қалыптасады және дамиды, адамдармен арамыздағы қарым-қатынасты жақсартамыз. Кейде адамның ішкі жан-дүниесін түсінуімізге де көмегі тиеді.

-Қазіргі қызметіңіз қай бағытта? Бір жыл ішінде елге пайдаңыз тиетін жұмыс тындырдым дей аласыз ба?

-Жұмысым саяси бағытта. Саясатты өзіме жаңалық ретінде аштым. Ол, әрине, заң шығару, заңнамаларды қарастыру, толықтырулар қосу, яғни, заңдық тұрғыда өзімді заңгер ретінде сезіну десем де болатын шығар. Мен филологпын, заңгер емеспін. Сондықтан алғашқыда өте қиын болғаны рас. Өйткені, заңгер болмағасын көптеген терминдерді түсіне алмайды екенсің. Бұл мүмкін емес те екен. Әр адамның өзінің меңгерген саласы бар. Парламент қабырғасына әртүрлі саланың мамандары келеді ғой. Кейбіреулер заңгер болса, енді біреулері керемет дәрігер, енді біріміз ұстазбыз. Қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер де көп арамызда. Балығымыздың басымызды қосатын бір-ақ нәрсе, ол—заң шығару және халықпен тығыз жұмыс істеу. Егер халықты назардан тыс қалдырсақ, біздің бүкіл жұмысымыздың далаға кеткені. Өзім бұрыннан да халыққа жақынмын, ел ортасында жүремін, қолымнан келгенше халқыма көмектескім келді. Әлеуметтік желілер арқылы көптеген хаттар түсіп жатыр. Сол хаттардың барлығын өзім жеке қарап, оқып, нақты жауабын беруге, шамам келсе, жәрдемдесуге тырысамын. Бір хатты да қараусыз қалдыра алмаймын. Өйткені, мен, ең алдымен—ел баласына тәрбие беретін ұстазбын және анамын. Әрбір хат мен үшін аманат. Депутатқа ешкім де еріккенінен хат жазбайды ғой. Түрлі жиындарда да жекелеген адамдар келеді алдымызға. Оларға да жөн сілтеп, бағыт-бағдар көрсетемін. Көмек күткен адамның сөзі жерде қалмауы тиіс. Себебі, мен халықтың қызметшісімін. Кейде өзімді ана ретінде, кейде мұғалім, кейде психолог ретінде кейде қолында күші бар адамдай сезінемін және солай көмектесемін. Көмектесе алмасам, себебін айтамын, жолын көрсетемін.

Бір жыл ішінде мен атқарушылық іс жүргізу бойынша алимент төлеуден жалтарған әкелердің үстінен жазылған бірнеше хаттарды қарап, осында үлкен проблема бар деген қорытыны жасадым. Әкесінде не көлік жоқ, не пәтер жоқ, алиментін төлей алмайды. Сонсоң заң жобасын өзіме алып, нақты толықтырулар енгізу керек деген шешімге келдім. Сөйтіп, авторы, яғни инициаторлардың бірі болдым. Менімен бірге әріптесім бар, екі сенатор бар. Осы кісілермен бірігіп, бір жыл ішінде осы заң жобасына өзміздің толықтыруымызды енгіздік. Әрине, заңға кез-келген толықтыру жай қосыла салмайды, сондықтан өте қиын жұмыс болды. Үш толықтыру енгізуге бір жыл уақытымыз кетті. Әйтсе де осы жұмысыммен тарихта қалдым деп мақтануға болады.

Жалпы, өмір болған соң оп-оңай ешнәрсе жоқ. Менен біреулер сұрайды «қазақ тілін қалай үйренуге, қанша уақытта меңгеруге болады?», деп. Бұл да оңай шаруа емес. Көп еңбектену керек. Тіл үйрену барысында да қиыншылықтарға кезіктім. 4 жыл жоғары оқу орнында қазақ филологиясы факультетінде білім алып, 19 жыл бойы тәжірибемен жетілдіріп отырдым. Әлі де жетлдіре түсудемін. Орыс тілі—менің ана тілім. Сонда да орыс тілін керемет біле алмаймыз. Өйткені, соңғы жылдары біз түсіне бермейтін жаңа терминдер көп қосылған. Ал қазақ тілі—өте бай тіл. Қазақ тіліндегі кейбір сөздің қырыққа жуық мағынасы бар. Мысалы, «қара» деген сөздің өзінің қырық бір мағынаға ие боп тұрғанын қазақтардың да көбісі біле бермейді. Кез-келген адамның мұны білуі мүмкін емес. Мінеки, тілдің осындай сырлары көп. Күнде осы тілімді дамытумен жүремін, әлі де білетінім аз сияқты.

-Сіздің «Құрмет» орденінің иегері екеніңізді білеміз. Қазақстан халқының бірлігі мен мәдениетаралық диалогты, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан лайықты үлесіңіз, түрлі іс-шараларды дайындау және өткізу бойынша қол жеткізген жетістіктеріңіз үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, «Мейрім» төсбелгісімен марапатталғаныңыздан хабардармыз. Мұның барлығы тектен тек келмегені анық. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін. Бұрын сайлау науқандарына енжар баратын халқымыздың биылғы референдумға қатысуы қандай деңгейде болады деп ойлайсыз?

-Халық референдумға белсенді түрле қатысады деп сенемін. Өйткені, халық үлкен өзгерістерді қалап отыр және талап етіп отыр. Халықпен кездесіп жүргенімде байқаймын, елдің пікірі орнықты, құлшынысы күшті.

Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

1232
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Сұхбат
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Наурызбек Мағдатов: Идеологиялық саясаттың күшейгенін қалаймын

Келесі жаңалық

Маржан ЕРШУ: Бопай ханымды намыстан жаздым

Пікірлер

    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Баланы қанша жастан бастап өнер мектебіне берген дұрыс?

    19 тамыз, 14:25
    520

    Баланы аспапқа баулудың маңыздылығы қандай?

    19 тамыз, 12:34
    442

    Муслим Қазекешов: Шын мәнінде "Америкалықтардың арманы" дегеніміз – қаржылық тәуелсіздік

    15 тамыз, 13:23
    1627

    Ердос Жаңабергенов: Олимпиадада 57 келі салмақ Махмұд Сабырханға ауыр болады

    29 шілде, 10:05
    407

    Маңғыстау облысы – ҮЕҰ-ны гранттық жүйе арқылы мемлекеттік қолдау көрсететін көшбасшы өңір

    26 шілде, 18:33
    497

    Жұмабек Сапарбаев: Мектеп психологтарына жаңа методика қажет деп ойлаймын

    25 шілде, 12:30
    390

    Рубрикалар

      Аудан тынысыҚоғамСараптамаБейнеуРедакция газеттеріМаңғыстауАНТИКОРСпортҚызық дерек

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстау жастары «Жарқын болашақ» бағдарламасымен колледждерге оқуға түсе алады

    23 тамыз, 14:18
    3168

    Нұрдәулет Қилыбай Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілін қабылдады

    23 тамыз, 14:14
    1090

    Адам папиллома вирусына қарсы вакцина қаншалықты сенімді?

    23 тамыз, 13:46
    1146

    Бүгін Ақтауда бірнеше шағынауданда жарық пен су болмайды

    22 тамыз, 10:39
    511

    Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы: Маңғыстаулық айтыскер 1-орын алды

    17 тамыз, 22:45
    399

    Ақтау мен Алматы арасындағы әуе рейстің саны артады

    17 тамыз, 21:49
    292

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»