• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 6 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    МӘМС: Көкейдегі сұрақтар

    [ 2021 ] 9 қаңтар, 11:32  |  Сұхбат

    Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржыландыруымен қазақстандықтарға медициналық қызметтің қымбат түрлері де қолжетімді бола бастады. Біздің өңірімізде қор арқылы шетелдерде емделіп келген науқастар да бар. Дегенмен тұрғындар арасында медициналық көмек мәселесіне байланысты әлі де түсініксіз жайттар кездеседі. Халық арасында туындап жататын сауалдардың кейбірін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалы ақпараттандыру бөлімінің бас сарапшысы Сәуле Байболатқызы НАУШИНАҒА қойған едік.

    - Сәуле Байболатқызы, МӘМС жүйесі енгізілгелі емдеу мекемелерінің бірқатарында болып жатқан оң өзгерістердің барлығы бірдей қарапайым халыққа түсінікті бола бермейтіні анық. Сондықтан тұрғындар филиал мамандарынан медициналық сақтандыру мәселесіне байланысты сұрақтарды жиі қойып тұратын болар?

    – Әрине, күнделікті кездесіп қалатын проблемаларға орай туындап жататын мәселелер аз емес. Соған сәйкес жұртшылықтың көкейіндегі сауалдар да сыртқа шығады. Мәліметке сүйеніп айтар болсам, жыл басынан бері әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Маңғыстау облысы бойынша филиалына азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бұлардың көбісі – МӘМС мәртебесін алу, дәрілік заттардың болмауы, консультациялық­-диагностикалық қызметтерді ұзақ күту, емханалар мен стационарлардағы медициналық көмек көрсету сапасы, медициналық ұйымдар қызметкерлерінің дәрігерлік этика мен деонтологияны сақтамауы, емдеуге жатқызудан бас тарту сынды мәселелер. Өтініш хаттардың басым бөлігі немесе 2 859­-ы кеңес алу бағытында, 238-­і – шағым, 63-­і – медициналық ұйымдар мен дәрігерлерге алғыс болса, 2 хатта жұмыс сапасын арттыру бойынша ұсыныстар айтылған. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының кері байланыс арналарына тоқталсам, жасырын көшбасшы позициясын 1 406 байланыс орталығы иеленді. Бұл операторларға ең үлкен жүктеме, әсіресе жазғы маусымда түсті. Бұдан кейінгі Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына жыл басынан бері азаматтардан 8 мыңға жақын месседж тіркелген. Ал әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі жыл басынан бері ӘМСҚ-­ға келіп түскен халықтан ең өзекті мәселелерді жинақтады.

    – Көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға ауысайық. Мысалы, науқасқа консультациялық-диагностикалық қызмет үшін бір ұйымға жолдама берілді делік, бірақ ол қызметтің бұл түрін басқа ұйымнан алғысы келсе, не істеуі керек?

    – Мысалы, емханадағы пациентке бір зертханаға сараптамаға жолдама берілсе, бірақ ол үйіне немесе жұмысына жақын орналасқандықтан басқасына тапсырғысы келсе, оның бұған құқығы бар. Қызметті алғаннан кейін қордың төлем жүйесінде бірлесіп орындау шарты автоматты түрде жасалады. Басты шарт – медициналық ұйым ӘМСҚ дерекқорында тұруы және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша қызметтер көрсетуі тиіс. Жеткізушілердің бұл тізімін қордың сайтынан көруге болады. Консультативтік­-диагностикалық көмекке кардиолог, эндокринолог, лор, окулист секілді бейінді мамандардың қабылдаулары, қанның биохимиялық талдауы, иммуноферменттік талдау, анти­денелерді анықтау сияқты зертханалық талдаулар, диагностикалық қызметтер эндоскопиялық зерттеулер, электроэнце­ фалография, эхокардиография, рентген, УДЗ жатады.

    – Түсінікті. Ал еңбек мигранттары, тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер емханаға тіркеле ала ма?

    – Тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер­ дің қазақстандықтармен тең құқығы бар. Сондықтан олар жарналарды тұрақты төлейтін және «сақтандырылған» мәрте­бесі бар болса, емханаға кедергісіз тір­келіп, МӘМС бойынша көмек ала алады. Еңбек мигранттары МСАК (Медициналық-­санитарлық алғашқы көмек) пен мамандандырылған медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ететін ерік­ті медициналық сақтандыру полисін ресімдеуі тиіс. Онысы болса және айналасындағыларға қауіп төндіретін жіті аурулар дамыған жағдайда, олар да тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін пайдалана алады.

    – Науқасқа өкпесін тексерту үшін компьютерлік томографиядан өтуге емханамен ынтымақтастықтағы ұйымға барып қаралу ұсынылады. Ал ол жақтағылар науқасқа бір жарым айдан кейін ғана зерттеу жүргізе алатындарын айтса, науқас сонша уақыт күтіп жата беруі керек пе?

    – Мұндайда ол терапевтке қайтып ке­ліп, басқа клиникаға жолдама алуы керек. Пациент қандай да бір зерттеп-­қарау неғұрлым қысқа мерзімде қолжетімді болатын ұйымды өз бетінше таба ала­ды және ол туралы өзінің емдеуші дәрігеріне хабарлай алады. Емхана мен таңдалған ұйымның өзара байланысты болуы міндетті емес. МСАК дәрігерінен емханада тіпті шарты жоқ кез келген медициналық ұйымға берілген жолдама қызметті бірлесіп орындау шартын ав­томатты түрде қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Бірақ клиника ӘМСҚ дерекқорында тұруы және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша қызметтер көрсетуі тиіс екенін еске салу маңызды.

    – МӘМС бойынша тіске брекеттер қоюға бола ма?

    – Брекеттер орнату МӘМС пакеті бойынша көрсетілмейді, өйткені тістерді тегістеу медициналық емес, эстетикалық қызметке жататындықтан ақылы түрде жүргізіледі. Алайда 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық стоматологиялық көмек медициналық сақтандыру аясында көрсетіледі. Балаларға тісті жансыздан­дыру және жұлу, пломба салу, пульпит, периодонтитті емдеу, гипоплазия, флю­ороз кезінде тістің анатомиялық пішінін толық функционалдық қалпына келтіру, ерін және тіл қылтамыры пластикасы, жақ рентгенографиясы және анестезия бойын­ша қызметтер де сондай. Кішкентай паци­енттерге жақ­-бет аймағының туа біткен патологиялары болған кезде ортодонтиялық қызметтер де қолжетімді.

    – Демікпе, гипертония сияқты аурулармен есепте тұрған науқас түрлі себептермен сақтандырылмай қалса, сол себепті оған бұрын алып жүрген дәрі- дәрмектерін беру тоқтай ма?

    – Динамикалық бақылауды қажет ете­тін мұндай әлеуметтік маңызды аурулар­ мен есепте тұрған пациенттер сақтанды­рылғанына немесе сақтандырылмағанына қарамастан, қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Ондай нау­қастарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін медициналық көмектен немесе дәрі­-дәр­мекпен қамтамасыз етуден бас тартуға ешкімнің құқығы жоқ.

    Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

    1435
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Сұхбат қоғам денсаулық
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    «Болашақ» бағдарламасы – жастарға

    Келесі жаңалық

    Донор болу - өзгеге өмір сыйлау

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ануар Жақсыадай: Облыста радиолог маман тапшы

      [ 2021 ] 9 қараша, 11:13
      1985

      Өлім мен өмір: Инсульттің қалай алдын алуға болады?

      [ 2021 ] 29 қазан, 18:30
      1832

      Қазақстандағы COVID-19, той өткізу және балалар вакцинасы – Ерлан Қиясовпен сұхбат

      [ 2021 ] 4 қазан, 14:29
      1086

      Дені сау ұрпақ дені сау анадан туады

      [ 2021 ] 7 наурыз, 12:48
      2944

      Донор болу - өзгеге өмір сыйлау

      [ 2021 ] 30 қаңтар, 11:01
      2225

      МӘМС: Көкейдегі сұрақтар

      [ 2021 ] 9 қаңтар, 11:32
      1436

      Рубрикалар

        Жастар бетіЭкономикаРедакция газеттеріТүпқарағанМәселеБейнеуАудан тынысыТағайындауҚоғамХабарландыру

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

      27 қараша, 17:04
      930

      Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау

      25 қараша, 11:22
      167

      Ақтауда Қазақстан мен Әзірбайжан халықтарының ынтымақтастығын көрсететін «Достық аллеясы» ашылды

      9 қараша, 19:59
      5155

      Франция Ақтау теңіз портының инфрақұрылымына инвестиция салу нұсқаларын қарастырып жатыр

      6 қараша, 10:04
      1519

      Ұлттық Университет әлемдік бәсекеге қабілетті мамандар даярлайды

      5 қараша, 15:02
      1149

      Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты

      4 қараша, 10:06
      6528

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»