• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 6 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    «Қошқар атаны» қоршау жұмыстарын ботаникалық бақ атқарады

    [ 2021 ] 11 қазан, 11:30  |  Сұхбат

    Маңғыстаудағы «Маңғышлақ эксперименталды ботаникалық бағы» өсімдіктерді қорғауға арналған халықаралық ботаникалық кеңестің мүшесі. Бақтың негізгі қызметі – отандық және әлемдік флораның генофондындағы өсімдіктерді, соның ішінде жойылып кету қаупі бар сирек кездесетін өсімдіктерді интродукциялау, оларды сақтау және қорғау. Бақтың бүгінгі ахуалы туралы Ақжүніс Иманбаевамен тілдескенімізде ол Маңғыстау шөлейтті аймақ болғандықтан, қаланы көгалдандыру мәселесіне ғылыми негізі жоқ жолмен келу – сәтсіздікке алып келетінін айтты.

    - Ақжүніс Алтайқызы, «Маңғышлақ эксперименталды ботаникалық бағы» жайлы қысқаша айтып өтсеңіз.

    - Маңғыстау шөлейтті аймақ болғандықтан, 1960 жылдан бастап ағаштектес өсімдіктер әкелінгенімен, сәтсіздікке ұшыраған. Табиғи флорада ағаштектес өсімдіктер 0,1 пайызды құрайды. Бұл жерде ғылыми негізсіз мәселе шешілмейтіндігі белгілі болған. 1972 жылы Маңғыстауда ботаникалық бақ ашылуы қажет деген Кеңес Одағы мен Қазақ КСР-ның қаулысы қабылданды. Жан-жақтан ғалымдар шақырылды. Шөлейтті аймақты игеру үшін құрылған бақ бірнеше ауыр кезеңдерді бастан өткізді. 50 жылдық тарихы бар бақ бүгінде 39 гектар жерді алып жатыр. Осы жылдар ішінде бақ алқабына көз алартушылықтар болып, бірнеше рет тартып алу қаупі де болды. Ол тартыстар 2003 жылдан 2011 жылға дейін созылып, барлық құжаттар заңдастырылған соң ғана бітті. Қазір бақтың «Ерекше қорғалатын табиғи аумақ» санатына жататын мәртебесі бар.


    - Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қаражат бөліну, қолдау жағы қалай болып жатыр?

    - 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Ғылым туралы заңы» толықтырулармен қабылданғаннан бері ғылыми-зерттеу институттарына қаражат бөлу оңтайланды. Қазір бақта 100-ден астам қызметкер еңбек етеді. Оның 35-і ғылыми қызметкер, сонымен қатар өндірістік қызметкерлер – инженер, агроном, бағбан, тазалық сақтаушылар сынды мамандар. Инфрақұрылымды сақтауға негізгі базалық қаржыландыру жыл сайын бөлініп тұрады. Негізгі ғылыми қызметкер әр 3 жыл сайын конкурсқа түсіп, гранттық жобалар мен мақсатты бағдарламалар ұтып алғанына байланысты еңбек ақылары әртүрлі болады. 3 жыл сайын жобалар мен бағдарламаның мерзімі аяқталған кезде, кейбір жылдары конкурстың нәтижесіне байланысты қиындықтар болады. Тұрақты қаражат конкурсқа байланысты болғандықтан, әсіресе жас мамандарды ұстау қиындыққа соғып отыр. Тұрақты жалақы болмағандықтан, жастардың ғылымның болашағына седеген сенімсіздігі азаяды. Жұмыс жасайтын 102 қызметкердің 47-сі жастар, соның ішінде 35 ғылыми қызметкердің 21-і –жас маман. Көбісі әйел адамдар, ер азаматтардың бұл саланы таңдауы сиректеу.

    Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы үш жылғы Жолдауында ғылымды көтеру жайлы мәселелер көтерілді. Соңғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында ғылымға тікелей қаражат бөлініп, ғалымдардың еңбек ақысы нақтыланып, ғылымды дамытуға күш салыну керек екендігі айтылды. Бұл – бүгінгі күнгі өзекті мәселе. Болашақта білікті кадрлар дайындап, ғылым саласын жандандыру дұрыс жолға түседі деген үміттемін.

    - Қазір қандай тәжірибелік жұмыстар атқарылып жатыр?

    - Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарындағы флористикалық аумақтардың табиғи өсімдіктерін зерттеулер жүргізілуде, соның ішінде дәрілік, шаруашылық құнды пайдалы өсімдіктерді зерттеулерге көп көңіл бөлініп отыр. Соңғы жылдары климаттың өзгеруі байқалып тұр. Соңғы 10 жылдағы климаттық көрсеткіштердің сараптамасы бойынша 286 күн орташа +10 градус температураны ұстайды екен. Климаттың осындай көрсеткіші жылу сүйгіш өсімдік түрлерін Маңғыстауға интродукциялауға мүмкіндік береді деген болжамымыз бар. Субтропикалық өсімдіктерді инстродукциялық сынақтан өткізуді бастадық. Қандай өсімдіктер екеніне келетін болсақ – анар, зәйтүн, альяндр, маслина, лавр, темір ағашы, магнолия, розмарин сияқтылар.

    Тағы бір ерекше айтып кететін жәйт – бақта қыста -10 градус температураны көтере алатын пальманың 3 түрі сынақтан өткізіліп жатыр. Биыл 12 түп көшеттің тек 2-еуі ғана қыстан шыға алмады, қалғаны өсіп тұр, тәжірибе жұмыстары әлі де жалғасын табуда. Бақтың коллекциялық геноқорында өсімдіктің 1270 түрі бар. Оның 60 пайызы – ағаш тектес өсімдіктер, 20-30 пайызы гүлді өсімдіктер, 10 пайызы – қылқанжапырақты өсімдіктер. Әр түрлі жеміс ағаштарының сұрыптарын көбейту мақсатында беттестіру тәжірибелік жұмыстары жалғасын табуда. Өйткені бізге оңтайлы кезеңдерді анықтау қажет. Дәрілік шөптерден пакеттегі шай өнімін шығаруды да жоспарлап отырмыз..

    - Көшеттердің бағасына қатысты қымбат деген түсінік бар. Оған не айтар едіңіз?

    - Әр өсімдікті көбейту мен өсіру қажырлы ғылыми-тәжірибелік жұмыстың нәтижесі. Соңғы жылдары көшеттерді өсіріп, оларды коммерциялизациялауда тамыр жүйесі жабық әдістерді қолданып жүрміз. Осы әдісті толық тәжірибеге енгізу АҚ Ғылым қорының грант жобасының қаражаты есебінен іске асты. Әрине, оның өз шығындары бар, өсімдікті өсіру үшін қолданылатын арнайы ыдыстар, яғни контейнердің құны, топырақ субстраты үшін пайдаланылатын минералды және органикалық тыңайтқыштардың құны біршама қаржы. Өсімдікті жабық тамырлы жағдайда өсіруге арналған топырақ субстратына авторлық құқығымыз – «Пайдалы модель» бар.

    Қазақстан бойынша ең арзан баға осы бақта деп ойлаймын, өйткені арнайы дүкендерде 5-8 мыңнан тұрған көшеттер бізде 2 мыңнан аспайды. Түскен қаражат есебінен жұмысшылардың айлығына қосымша еңбекақы төлейміз. Өйткені базалық қаражат бойынша олардың айлықтары салықты қосқанда 52 914 теңге.

    - Ғылыми нәтижелерді цифрландыру бойынша қандай шаралар жасалынып жатыр?

    - Қазір өсімдіктердің сипаттамасын электронды форматқа салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы бағытта ботаникалық бақта ғылыми жобалардың нәтижесінде 4 ғылыми-ақпараттық компьютерлік бағдарлама әзірленді. Табиғи флора өсімдіктерінің биологиялық, морфологиялық сипаттамасына электронды деректер базасын жасақтау үшін «BD-PLANT-KZ»-электрондық бағдарлама жасақталды. Бүгінгі күні Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан аймақтарында өсетін табиғи өсімдіктердің деректері енгізілді.

    Екінші бағдарлама–ботаникалық бақтарда мәдениетке енгізілген өсімдіктерге арналған электрондық бағдарлама «DInCeR» деп аталады. Бұл компьютерлік бағдарлама өсімдіктердің интродукциялық құндылығына диагностика жасауға мүмкіндік береді.

    Тағы бір электрондық бағдарлама–урбанизацияға байланысты, қалалар мен елді мекендердегі көгалдандыруға қолданылған өсімдіктерге арналған «PLANT-EST-KZ» бағдарламасы. 2019 жылы Ақтау қаласы әкімшілігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің тапсырмасымен өсімдіктерге инвентеризация жасалынды. Бүгінгі күні компьютерлік бағдарламаға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Ақтау қаласындағы 67 жасыл құрылғының жай-күйі, декоративтілігі, таксономиялық және сандық құрамы зерделенді. Көгалдандыру жұмыстарының электронды тізімі жасақталды. Алғаш рет облыс орталығы үшін жасыл кеңістіктің электронды интерактивті картасы жасалды Оны https://dincer.kz/PLANT-EST-KZ/index.html сілтемесінен қарауға болады.

    Тағы бір бағдарлама «Feno-S» деп аталады. Өсімдіктердің өсуі мен дамуын көрсететін көрсеткіш–ол фенология. Өсімдіктерге фенологиялық бақылауда климаттың мәліметтерімен бірге талдау жасалынады. Ғылыми нәтижелерді талдау, көп жылдық материалдардан жинақталады. сондықтан мәліметтерді қолмен талдау қиындық туғызып жүрді. Электронды форматқа толықтай өту – болашақта бізге мәдениеттегі өсімдіктердің жәй күйін, климаттың өзгерісін жобалауға мүмкіндік береді. Аталған 4 компьютерлік бағдарлама тіркелген, авторлвқ құқық туралы куәлік бар.

    - «Қошқар атаны» қоршау жұмыстарын ботаникалық бақ атқаратын болды. Осы жайында мағлұмат бере кетсеңіз.

    - «Қошқар ата» проблемасы бүгінгі күнгі экологиялық үлкен тауқымет деп айтар едім. Ботаникалық бақ «Қошқар ата» қалдық қоймасына жасыл белдеу жасау жұмыстарына биыл (2021-2023 жж) 3 жылға арналған жобаны ұтып алды. Қазір 40 гектар жер қоршалды. Қоршалған аумаққа қазан айының аяғында 100 мың түп сексеуіл отырғызу басталады. Жасыл белдеу – радиациялық қалдықтардың желді күні елді-мекенге ұшуының алдын алмақ. Соңғы жылдары қатты ыстық пен қуаңшылық болғаны белгілі. Бір қатарына тамшылату әдісін жасаймыз ба деген жоспарымыз бар.

    - Ақтаудағы көгалдандыру мәселесі сын көтермейді. Олқылық неден деп ойлайсыз?

    - Соңғы 6-7 жылдың аумағында Ақтау қаласы бойынша көгалдандыраудағы жасыл желектерді сақтау мен қорғау, жаңа көшеттерді әрі қарай жаңа игерілген жерлерге егіп өсіру сияқты проблема бар. Жыл сайын мемлекеттік сатып алуға байланысты конкурс ұйымдастырылып, бюджеттен бөлінген үлкен қаражат дұрыс қолданыс таппай тұр. Жаңа көшеттерді қарқынды отырғызу былай тұрсын, көптеген өсімдіктерге күтімнің уақытылы жасалмағанына байланысты қурап қалып жатыр. Әр жылда конкурс ойнатылып, қорытындысы наурыздан сәуір айынының аяғына дейін созылады. Көктем келіп, нағыз жұмыс қызып жатқан кезде, жұмысты жасайтын мекеме ырғалып-жырғалып жүргенде, көп жұмыстың кезеңі өтеді, жұмысшылар уақытша жұмысқа алынады, солай көптеген проблемалар шешімін таппай жылдан жылға созыла береді. Аурулар мен зиянкестерге қарсы фитосанитарлық жұмыстар да қарқынсыз. Жасыл желекке осындай қарым-қатынас әрі қарай жалғаса беретін болса, барымыздан айрыламыз.

    Өсімдіктер де тірі ағза, оларға жасалатын уакытылы агротехникалық күтім жұмыстары жыл бойы алмасып отыруы керек.

    Бүгінгі күні осы проблемаларға байланысты бюджеттен бөлінген қаражатты тиімді пайдалану, жұмысқа білікті мамандарды тарту, қоршаған ортаны күтімді ұстауға жұмысшыларды дұрыс жұмылдыру үшін арнайы коммуналдық мекеме ұйымдастыру қажеттілігі келген сияқты. Осы тұста айта кетейін, ботаникалық бақтан алынып, отырғызылған ағаштардың күтімсіз тұрғанын көру біз үшін өте қиын.

    Жасыл желекке қатысты жұмысты оңтайлы ұйымдастыру қолға алынса - осы салада еңбек етіп жүрген адамдардың әлеуметтік мәселесі тұрақталып, жұмыссыздық азайып, жасыл желектің жағдайы жақсарар еді. Сондай-ақ, Маңғыстаудың аридті шөлейт аймағында орналасқан Ақтау тұрғындарының жазда саялы көлеңке тауып, оттегімен қанығуына пайдасы болар еді.

    Табиғаты қатал, шөлейт аймақта көгалданду мәселесі ғылыми-тәжірибелік амалдарды қолдану, кәсіби мамандарды тарту арқылы ғана оңтайлы шешімін таба алады.

    - Әңгімеңізге рахмет!

    Кәмшат СӘРСЕНБАЕВА

    2917
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Сұхбат маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Қазақстандағы COVID-19, той өткізу және балалар вакцинасы – Ерлан Қиясовпен сұхбат

    Келесі жаңалық

    Өлім мен өмір: Инсульттің қалай алдын алуға болады?

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

      [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
      4915

      Маңғыстау туризмінің басты түйткілі - инфрақұрылым

      24 мамыр, 09:20
      451

      Заңсыз құрылыстың зардабы екі тарапқа бірдей

      21 мамыр, 13:40
      600

      Маңғыстауда қандай ірі инвестициялық жобалар іске асады?

      20 мамыр, 15:51
      750

      Роза Рымбаева: Ақтаулықтардың қолдауымен мәслихат депутаты атандым

      [ 2023 ] 4 тамыз, 11:30
      940

      Н. ЖАРЫЛҒАПОВ, әлем чемпионы: Дзюдода олжа салғым келеді

      [ 2022 ] 27 желтоқсан, 10:50
      934

      Рубрикалар

        Рухани жаңғыруТүпқарағанБейнеуҚоғамБайқауХабарландыруФотоМұнайлы

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

      27 қараша, 17:04
      905

      Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау

      25 қараша, 11:22
      149

      Ақтауда Қазақстан мен Әзірбайжан халықтарының ынтымақтастығын көрсететін «Достық аллеясы» ашылды

      9 қараша, 19:59
      5118

      Франция Ақтау теңіз портының инфрақұрылымына инвестиция салу нұсқаларын қарастырып жатыр

      6 қараша, 10:04
      1507

      Ұлттық Университет әлемдік бәсекеге қабілетті мамандар даярлайды

      5 қараша, 15:02
      1137

      Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты

      4 қараша, 10:06
      6492

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»