• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 14 Тамыз 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды...

«MAŃǴYSTAÝ» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды...

Сүйінші! Маңғыстауда 4 мектептің түлегі түгелдей білім беру грантын иеленді...

Медиация күні қарсаңында консультативтік көмек көрсетуден «Ашық алаңы» өтед...

Ақтауда түн ішінде моншадан өрт шықты...

  • USD: 479.44 ₸
  • EUR: 523.69 ₸
  • RUB: 5.22 ₸

Ел шебін күзету-ерекше міндет (ФОТО)

[ 2017 ] 21 шілде, 06:02  |  Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің құрылғанына биыл-25 жыл. Отанымыздың Батыс аймағындағы мемлекеттік шекараны күзететін маңғыстаулық шекарашылар ширек ғасырлық мерекесін кең көлемде атап өтті.

Теңіз жағалауында ұйымдастырылған мерекелік шараға Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінің сарбаздары, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, облыстық мәслихаттың депутаттары мен өндірістік мекемелердің өкілдері және жастар ұйымының, ҮЕҰ мен Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілдері жиылды.

Ресми жиынды құттықтау сөзбен ашқан ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Батыс» өңірлік басқармасының басшысы, полковник Тимур Қайырбеков 1992 жылдың 18 тамызында Елбасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің құрамында шекара қызметін құрғанынан бері аталған қызметтің ел шебінің қауіпсіздігін қырағылықпен күзетудегі қол жеткізген табыстары мен жетістіктері туралы айта келіп, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының бастығы, полковник Әлібек Қаюповқа «Ерлік эстафетасын» салтанатты түрде табыс етті. Полковник Әлібек Қаюпов шекара қызметінің ардагерлеріне ел шебін қорғаудағы адал қызметі мен саланы қалыптастыру ісіне қосқан мол үлестері үшін алғысын білдірді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының 2018 әскери бөлімінің сарбаздары мемлекеттік шекараны бұзушыларды іздеу, ұстау кезінде қызметтік иттердің көмегін қалай пайдалану керектігін және қоян-қолтық ұрыстың әдіс-тәсілдерін іс жүзінде жоғары шеберлікпен көрсетті. Сонымен қатар мерекелік шара барысында әскери теңіз кемелері мен катерлерінің шеруі ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен меймандары, теңіз жағалауында демалушылар көк айдын жүзінде тізіліп сап түзеген әскери кемелерден құралған әдемі көріністің куәсі болды.

Шекара шебіндегі сарбаздарды кәсіби мерекемен аймақ басшысы Ералы Тоғжанов арнайы құттықтап, елдің тұтастығы мен тыныштығын қамтамасыз етудегі жұмыстарына табыс тіледі.

- Өңірімізде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Батыс» және «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасы өз жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізуде. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күнінен бастап еліміздің тыныштығы мен шекарасының қауіпсіздігін қырағылықпен, жоғары жауапкершілікпен күзетіп келе жатқан шекарашылардың, ардагерлеріміздің өз қызметтерін тәуекелге бел байлай, мінсіз, адалдықпен атқаруы-ерекше құнды. Болашақта қазақстандық патриотизммен рухтанған офицерлеріміз бен қатардағы жауынгерлеріміз ардагерлер салып кеткен сара жолдан таймай, жауапты қызметті лайықты жалғастырады  деген үлкен сенімдеміз, - деген облыс әкімі Ералы Тоғжанов бірқатар шекарашыларды Отан алдындағы әскери борышын мінсіз атқарғаны үшін «ҰҚК Шекара қызметінің құрылғанына 25 жыл» мерейтойлық медалімен және «Алғыс хатпен» марапаттады.

- Мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының құпия бөлімінде аға көмекші болып сегіз жылдан бері жұмыс істеймін. Мамандығым өзіме ұнайды. Жұмысымды өте қатты жақсы көремін. Өмірлік серігімді де осы саладан кездестірдім. Бүгінде екі ұлды тәрбиелеп отырған бақытты отбасымыз... Барлық әріптестерімді төл мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Әр отбасына мол бақыт, тәуелсіз еліме құт-береке тілеймін,-дейді Перизат Амантаева.

Теңіз жағалауында өткен мерекелік кеш шекарашы сарбаздардың күшімен дайындалған концертке  ұласты. Концерт барысында көрермендер назарына теңіз әскери сарбаздарының ел шебін қорғаудағы қырағылығын, ерлігін паш ететін, шекарашылардың әскери өмірінен сыр шертетін бейнеролик те көрсетілді.

Венера МИРЛАН Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="30769,30770,30771,30773,30772,30779,30774,30775,30777,30781,30778,30780"]

 

 

 

2544
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
жаңалықтар қоғам фото қазақстан жаңалықтары маңғыстау жаңалықтары анонс
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Жаңа евразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту – Маңғыстау облысының басым бағыттарының бірі (ФОТО)

Келесі жаңалық

Тауарлық газ бағасы қымбаттай ма?

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Ел шебін күзету-ерекше міндет (ФОТО)

    [ 2017 ] 21 шілде, 06:02
    2545

    Ақтауда тұрудың 10 ерекшелігі

    [ 2017 ] 17 шілде, 03:54
    5121

    Өрт қызметкерінің қиындыққа толы бір күні (ФОТО)

    [ 2017 ] 19 маусым, 11:25
    1284

    "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

    [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
    3476

    Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
    4436

    С.Әбдіналиев: Бұл - Қазақстанға чемпиондарды сыйлаған сайыс (ФОТО)

    [ 2017 ] 4 қазан, 09:22
    2291

    Рубрикалар

      ӘдебиетЭкономикаМәдениетРедакция газеттеріАуыл өміріРедакция ұжымыБайланыс мәліметтеріРедакция туралыҚызық дерекБайқау

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда халықаралық қос турнир өтеді

    [ 2018 ] 12 наурыз, 04:44
    1661

    Ақтаулық жас самбошылар халықаралық турнирден олжамен оралды

    [ 2018 ] 20 ақпан, 09:46
    1511

    Маңғыстау самбошылары Қазақстан чемпионатынан жеңіспен оралды

    [ 2018 ] 29 қаңтар, 11:31
    1653

    Маңғыстауда жануарлардан жапа шеккендер саны артты

    [ 2018 ] 24 қаңтар, 04:51
    1755

    Маңғыстаулық үш дзюдошы республикалық турнирде жеңіске жетті

    [ 2018 ] 23 қаңтар, 09:17
    1668

    Маңғыстаулық травматологтар 7 мыңнан аса балаға көмек көрсеткен

    [ 2018 ] 22 қаңтар, 13:38
    2156

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»