• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 3 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

    Тауарлық газ бағасы қымбаттай ма?

    [ 2017 ] 21 шілде, 06:17  |  Жаңалықтар

    Бейсенбі күні «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалында газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды өткізу бойынша жоспарланатын шекті бағаны бекіту жөнінде көпшілік талқылауы өтті.

    Жиынды ашқан Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Сержан Сиқымбекұлы тауарлық газдың бөлшек саудадағы бағасының қымбаттауы мүмкін екендігінен хабардар етті.

    «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Маңғыстау ӨФ директоры Алпамыс Хисметов тауарлық газдың еліміздің ішкі нарығына 46 мың километрден астам газ құбырларынан құралатын газ тарату жүйелері арқылы жеткізілетінін айтып, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.

    -«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ «инвестицияға айырбас тариф» формуласы бойынша аймақтарда ірі инвестициялық жобаларды сәтті іске асыруда,-деді ол.-Мың шақырымнан астам ескірген газ құбырлары жаңа, сапалы әрі сенімді газ құбырларына ауыстырылып, жаңа елді мекендер газдандырылды. 2014 жылдың қараша айында ҚР Үкіметі Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015-2030 жылдарға арналған бас схемасын бекітті. Бас схемаға сәйкес 2030 жылға жоспарланған газдандыру деңгейі Ақтау қаласында 99%, Маңғыстау облысында 99%. Газдандырылған абонент санының артуына байланысты халыққа қызмет көрсететін жаңа газ учаскелерін ашу қажеттілігі туындайды, бұл басқа себептермен қатар газды өткізу бойынша шығындарының өсуіне де апарып соқтырады. Өңірде жалпы 24 миллиардтан астам теңгеге «2015-2020 жылдарға арналған Маңғыстау облысының ішкі елді мекендерінің газ тарату желілерін жаңғырту, реконструкциялау және жаңасын салу, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Маңғыстау ӨФ қолданыстағы активтерін қолдау» инвестициялық жобасы іске асырылуда. Жоба аясында жалпы ұзындығы 1217 км газ тарату желілерін жаңғырту, реконструкциялау және жаңасын салу, 4 автоматтандырылған газ тарату стансаларын, 20 блокты газ реттейтін пункттер, 1 шкафты газ тарату пунктін салу, 2 АГТС, 15 БГП және 22 ШГТП жаңғырту көзделген. Өткен жылы 304 км газ құбыры тартылды, оның ішінде 129,2 км жоғары қысымды, 8,6 км орта қысымды, 166,1 км төмен қысымды газ құбырлары, 11 шкафты газ тарату пункттері, 3 блокты газ реттеу пункттері орнатылды.

    Бүгінде Маңғыстау облысындағы бағалар (ҚҚС-сыз) газ тарату жүйелері арқылы газ тасымалдау тарифтері есебімен мынадай боп тұр:

    -халық үшін және тауарлық газды халық үшін жылу энергиясын өндіруге пайдаланатын заңды тұлғалар үшін 8440,83 теңге/мың текшеметр;

    -тауарлық газды заңды тұлғалар үшін жылу энергиясын өндіруге пайдаланатын заңды тұлғалар үшін және басқа заңды тұлғалар үшін 19121,74 теңге/мың текшеметр.

    Аталмыш компания биылғы 1-тамыздан тауарлық газ бағасын тасымалдау есебінен қымбаттатуды жоспарлаған. Осы мәселелерге орай өткен жиынға жиналғандар газ бағасының қымбаттауына қарсылық білдірді және жиынның қоғамдық тыңдау ретінде анағұрлым кеңейтілген түрде өткізілуі жайында ұсыныс жасады.

    Газ бағасының қымбаттауы, әсіресе, маңғыстаулықтарды сумен және жылумен қамтып тұрған «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС үшін тиімсіз. Өндіріс орнының жиынға қатысқан өкілдерінің айтуынша, газ, не су қымбаттаған сайын тұтынушылары үшін тарифтерін де қымбаттатуға мәжбүр болатын кәсіпорын соңғы жылдары тек шығынмен жұмыс жасауда.  2015 жылы газдың тасымал бағасы 6 рет өсіп, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» 2,7 миллиард теңгеге қарызға батқан. Биыл тағы газ бағасы қымбаттаса, бұл кәсіпорын 3 миллиард теңгедей шығынға ұшыратпақ. Сансыз қымбаттаулар салдарынан жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға да мүмкіндігі болмай жатқан өндіріс орны ескірген жабдықтармен ұзақ мерзім жұмыс істей алмауы мүмкін.

    Жиын соңында тараптар жақында газ бағасының қымбаттауына байланысты қоғамдық тыңдау өткізуге келісті. Бұл үшін Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті басшыларының келісімі керек.

      Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

    1191
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар қоғам маңғыстау жаңалықтары анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ел шебін күзету-ерекше міндет (ФОТО)

    Келесі жаңалық

    Маңғыстауда қолөнершілер одағы құрылды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2681

      Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 16:50
      4452

      Каспий итбалықтарын зерттеу және оңалту орталығы еріктілерді іздейді

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 09:23
      2493

      2020 жылдан бастап Минск - Ақтау әуе рейсі іске қосылады

      [ 2019 ] 3 желтоқсан, 10:32
      1982

      Ел шебін күзету-ерекше міндет (ФОТО)

      [ 2017 ] 21 шілде, 06:02
      3175

      Ақтауда тұрудың 10 ерекшелігі

      [ 2017 ] 17 шілде, 03:54
      5544

      Рубрикалар

        ҚоғамСараптамаРухани жаңғыруТағайындауАудан тынысыЭкономика

      Автордың басқа да жазбалары

      Сауат ашу курсын аяқтаған қыз-келіншектер сынақтан өтті  

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 11:06
      2385

      Жат ағым жетегінде болғандар сырымен бөлісті

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 09:17
      2527

      МӘМС жайында не білеміз?

      [ 2019 ] 15 желтоқсан, 03:30
      2934

      АИТВ-ның алдын алуға болады

      [ 2019 ] 14 желтоқсан, 06:25
      2741

      Маңғыстауда діни ахуалды жақсарта түсу жолдары талқыланды

      [ 2019 ] 13 желтоқсан, 11:54
      2329

      Ақтаулық шешен жігіті марапатталды

      [ 2019 ] 12 желтоқсан, 12:05
      2946

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»