Облысымызда қазақ боксының негізін қалаушы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған Х халықаралық турнир өткелі жатыр. 4-7 қазан аралығында өтетін сайысқа әлемнің 12 мемлекетінен 200-ден астам боксшы қатыспақ. Бүгін еліміздің бірқатар чемпиондары, спорт саласының майталмандарының қатысуымен баспасөз жиыны өтті.
КСРО спорт шебері атанған тұңғыш қазақстандық, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Шоқыр Бөлтекұлының қазақ боксы тарихындағы алар орны айрықша. Бүгінгі жиынға оның алғашқы шәкірті Серік Әбдіналиев, Олимпиада чемпиондары Ермахан Ибрайымов, Бақтияр Артаев, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Қанат Ислам, Олимпиаданың күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, МО Бокс Федерациясының президенті Марат Орманов және Түркменстан құрамасының бас бапкері Александр Лебзяк қатысты.
- Шоқырды «қазақ боксының атасы» деп атайды. Өйткені бокс өнерін Қазақстанға алып келген сол кісі. Мен оның шәкіртімін.
- Шоқырды «қазақ боксының атасы» деп атайды. Өйткені бокс өнерін Қазақстанға алып келген сол кісі. Мен оның шәкіртімін. Былтыр Шоқтың 100 жылдығы өтті. Биыл да мерейтой деуге болады. Осы мерейтойлық турнирдің басы-қасында болып, қолдау білдіруге көптеген азамататтар, чемпиондарымыз, шетелдік қонақтар келіп отыр. Бұл сайыс елімізге бірнеше чемпиондар мен жүлдегерлерді сыйлады. Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақастанда 7 олимпиада чемпионы, 6 күміс, 5 қола жүлдегер шыққан. Бұл балалардың көпшілігі осы турнирге қатысқан. Осындай ауқымды шара ұйымдастырып, шақырғандарыңызға үлкен рақмет. Той тойға ұлассын! – деп алғысын білдірді Серік Әбдінәлиев.
Кәсіпқой боктан әлем чемпионы Қанат Ислам 2005 жылы аталмыш турнирге қатысқан. 12 жылдан соң өлкемізге ат басын бұрған ол өңірдің бокс деңгейін жоғары бағалады.
Кәсіпқой боктан әлем чемпионы Қанат Ислам 2005 жылы аталмыш турнирге қатысқан. 12 жылдан соң өлкемізге ат басын бұрған ол өңірдің бокс деңгейін жоғары бағалады.
- Бұл турнирге келгеніме өте қуаныштымын. Жыл сайын өткізілетін сайысқа өзіміз де қатысқанбыз. Жыл сайын асыға күтетінбіз. Дәл осы жарыс еліміздің бірнеше боксшыларын тәрбиеледі, чемпиондарды өсірді. Шоқыр Бөлтекұлы ағамыз бізге дара жол салып кетті. Сол кісінің арқасында біз осында отырмыз десек те болады. Маңғыстаудағы бокс деңгейі өзгерген, жоғарылаған, жаттықтырушылар да, боксшылары да. Қаншама керемет спорт залдарын тамашаладық. Осылай облыс болып, федерация болып қолдамаса, жаттықтырушылар талантты балаларды жердің астынан таппайды ғой. Облыстың спортшыларына бір сөзбен айтқанда, бүкіл ел болып жұмыс істеп жатыр. Қазір соның жемісін көріп отырсыздар. Маңғыстаудан қаншама чемпиондар шықты. Елім, жерім дейтін мықты ағаларымыз аман болсын, -деді Қанат Ислам.
Халықаралық турнирдің 6 қазан күні жартылай финалы, 7 қазан күні ақтық сыны өткізіледі. Оған Польша, Финляндия, Түркменстан, Тәжікстан, Монғолия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Грузия, Армения, Белорусь елдерінен үміткерлер қатысады. Еліміздің 8 облысынан спортшылар бақ сынайды.
Халықаралық турнирге келген қонақтар баспасөз жиынан соң облыс әкімі Ералы Тоғжановпен кездесті.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="37900,37907,37906,37905,37903,37902,"]