• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 6 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Ақтауда «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы халықаралық турнир аяқталды (ФОТО)

    [ 2017 ] 18 мамыр, 12:41  |  Жаңалықтар

    ©

    Дәстүрлі түрде тоғызыншы рет дзюдодан халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» жүлдесіне арналған халықаралық турнир мәресіне жетті. Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Грузия, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Ресей мемлекеттерінің басын қосқан дүбірлі доданың қорытындысында 2002-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында командалық есепте бірінші орынға Ақтау қаласындағы «Жас батыр» спорт мектебінің (4 алтын, 5 күміс және 7 қола медаль) дзюдошылары ие болды. Екінші және үшінші орынды Атырау облысы (3 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль) мен Оңтүстік Қазақстан облысы (3 алтын және 3 қола медаль) өзара бөлісті. Жарыстың екінші күні 2005-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында бірінші орыннан 4 алтын, 4 күміс және 7 қола медальдармен «Жас батыр» спорт мектебі көрінді. Екінші орынға Қызылорда облысының командасы (3 алтын, 6 күміс, 3 қола медаль) және үшінші орынға ақтаулық «Шоғы батыр» спорт мектебі (3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль) тұрақтады. Екі күн бойы «Теннис орталығы» жанкүйерлерге лық толып, дзюдо күресімен тыныстады. Жарыстың алғашқы күні 2002-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында 38 келі салмақта Нұрсұлтан Манарбекұлы («Жас батыр» спорт мектебі), 50 келі салмақта Азамат Ақылбаев («Жас батыр» спорт мектебі), 66 келі салмақта Рысбек Базарбай («Шоғы батыр» спорт мектебі), +81 келі салмақта Жандос Қыдырбаев («Шоғы батыр» спорт мектебі), 44 келі салмақта Айгерім Еламанова («Жас батыр» спорт мектебі), 57 келі салмақта Маржан Каналиева (Жаңаөзен қаласы) алтын медальдің иесі атанып, жерлестеріне жеңіс сыйлады. Одан бөлек маңғыстаулық 7 балуан күміс және 15 қола медальдарға қол жеткізді. - 16-17 мамыр күндері өткен халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы халықаралық турнирінде облыс намысын 67 ұл мен 25 қыз бала қорғады. Барлығы да бабында тұрған балуандар. Халықаралық деңгейде мұндай жарыстар өткізу арқылы спортшылардың біліктілігін арттырып, шеберлігін шыңдаймыз. Бір жағынан маусым айында Қарағандыда дзюдодан кіші жасөспірімдер арасында өтетін ҚР чемпионатына дайындық десе де болады. Жарысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан барлық азаматтарға, демеушілерге алғыс айтамыз. Аталмыш жарыстан топ жарып, 1,2,3 орынды иеленген жеңімпаз балуандарға «Спорт шеберіне үміткер» деген атақ беріледі,-дейді облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры әрі жарысты ұйымдастырушы Манарбек Бисекенов. Жүректілер мен білектілердің айқасы екінші күні 2005-2007 жылы туған балуандар арасында жалғасты. Аймақ намысын 26 келі салмақта Рамазан Нұрмамед («Жас батыр» спорт мектебі), 29 келі салмақта Ерлан Әділ («Шоғы батыр» спорт мектебі), 35 келі салмақта Диас Әділханов (Мұнайлы ауданы), 38 келі салмақта Ерасыл Машырық («Шоғы батыр» спорт мектебі), 42 келі салмақта Ринат Жаңбырбаев (Мұнайлы ауданы), 50 келі салмақта Мейрамбек Алдабергенов («Жас батыр» спорт мектебі), +50 келі салмақта Нұрдәулет Ерболұлы (Бейнеу ауданы), 35 келі салмақта Анар Жұмағалиева («Шоғы батыр» спорт мектебі), 42 келі салмақта Ақмарал Абышева («Жас батыр» спорт мектебі) абыроймен қорғап, тұғырдың ең биік сатысынан көрініп, халықаралық жарыс чемпионы атанды. Күміс медальді маңғыстаулық 6 Балуан және қола медальді 17 дзюдошы қанағат тұтты. - Менің дзюдомен айналысып жүргеніме үш ай уақыт болды. Осымен екінші рет облыста ұйымдастырылған халықаралық жарысқа қатысып отырмын. Самбодан өткен «Ақтау кубогінде» үшінші орынды еншілеп, ұнжырғам түсіп еді. Бұл жолы алтын медальға қол жеткізуім үшін барымды салып күрестім. Халықаралық жарыстың чемпионы атанғаныма өте қуаныштымын. Жарысқа дайындап, маған сенім артқан Ерлан ағайыма алғыс айтамын. Болашақта Жазира Жаппарқұл сияқты Олимпиада төрінде өнер көрсетіп, қазақ елінің әнұранын асқақтатқым келеді,-дейді Ақмарал Абышева.

    Венера МИРЛАН Суреттерді түсірген Ақерке Гагаринқызы

    1797
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар спорт фото маңғыстау жаңалықтары анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Әр мұсылман ораза ережесіне мұқият болғаны жөн (СҰҚБАТ)

    Келесі жаңалық

    Ақтауда тұңғыш рет 1000 түп шырша отырғызылады

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      С.Әбдіналиев: Бұл - Қазақстанға чемпиондарды сыйлаған сайыс (ФОТО)

      [ 2017 ] 4 қазан, 09:22
      2881

      Маңғыстаулық спортшылар жыл үздіктерін анықтады (ФОТО)

      [ 2017 ] 27 желтоқсан, 14:08
      2069

      Маңғыстаулықтар чемпиондарын әуежайдан қарсы алды (ФОТО)

      [ 2017 ] 27 қазан, 12:45
      2031

      Батыс аймақтық спартакиадасының кубогына Ақтөбе облысы ие болды (ФОТО)

      [ 2017 ] 19 мамыр, 12:53
      1487

      Ақтауда «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы халықаралық турнир аяқталды (ФОТО)

      [ 2017 ] 18 мамыр, 12:41
      1798

      Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир басталды (ФОТО)

      [ 2017 ] 16 мамыр, 13:31
      1293

      Рубрикалар

        Редакция туралыЖастар бетіЖаңалықтарАнықтама бюросыЖарнамаӘлем жаңалықтарыАшық қоғамРедакция газеттеріӘдебиетСаясатАНТИКОРРедакция ұжымы

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда халықаралық қос турнир өтеді

      [ 2018 ] 12 наурыз, 04:44
      1787

      Ақтаулық жас самбошылар халықаралық турнирден олжамен оралды

      [ 2018 ] 20 ақпан, 09:46
      1637

      Маңғыстау самбошылары Қазақстан чемпионатынан жеңіспен оралды

      [ 2018 ] 29 қаңтар, 11:31
      1778

      Маңғыстауда жануарлардан жапа шеккендер саны артты

      [ 2018 ] 24 қаңтар, 04:51
      1896

      Маңғыстаулық үш дзюдошы республикалық турнирде жеңіске жетті

      [ 2018 ] 23 қаңтар, 09:17
      1789

      Маңғыстаулық травматологтар 7 мыңнан аса балаға көмек көрсеткен

      [ 2018 ] 22 қаңтар, 13:38
      2288

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»