• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 14 Тамыз 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды...

«MAŃǴYSTAÝ» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды...

Медиация күні қарсаңында консультативтік көмек көрсетуден «Ашық алаңы» өтед...

Сүйінші! Маңғыстауда 4 мектептің түлегі түгелдей білім беру грантын иеленді...

Ақтауда түн ішінде моншадан өрт шықты...

  • USD: 479.44 ₸
  • EUR: 523.69 ₸
  • RUB: 5.22 ₸

Әр мұсылман ораза ережесіне мұқият болғаны жөн (СҰҚБАТ)

[ 2017 ] 18 мамыр, 08:48  |  Жаңалықтар

Жаман әдеттен арылып, бойдағы нәпсіні тыйып, рухани өсуге, көркем мінезді тәрбиелеп қалыптастыруға мүмкіндік беретін қасиетті Ораза айы жақындап келеді. Биыл өңіріміз бойынша Рамазан айының кестесі қандай? Оразада нені ескеруміз қажет? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын білмек мақсатта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейтбековпен сұқбаттасқан едік. -Қайырлы күн. Қасиетті Рамазан айына санаулы күн қалды. Алдымен ораза қашан басталады, қашан аяқталады, ауыз ашу және бекіту уақыттарына тоқталып өтсеңіз. -Бисмилляһир-рахманир-рахим, биылғы қасиетті Рамазан айы Ай күнтізбесі бойынша 29 күнді құрайды. Біздің қазіргі күнтізбемізге сәйкес, 27 мамыр күні оразаның алғашқы күні басталып, 24 маусымда аяқталады. Ал 25 маусым жексенбі күнін Ораза айт басталады. Рамазан айы ай күнтізбесіне сәйкес жыл сайын 10-11 күн кері шегініп отырады. Былтыр маусымда басталған болса, биыл мамыр айында басталады. Біз 26 мамыр күні кешкісін ертеңгі күнге ниет етеміз. Сөйтіп, 27-сі күні таңғы сағат 4:05-те ауыз бекітеміз. 4:16-да таң намазының уақыты кіреді, сәресін таң намазына 10 минут қалғанда ішіп тоқтатқан абзал. Бұйырса сол күні кешке 21:09-да Алла бұйыртса оразамызды ашамыз деп ниет етіп отырмыз. -Ораза кімдерге парыз? -Оразаның өзінің шарттары болады. Бірінші шарт – мұсылман болуы керек. Екінші шарт – ақыл-есінің саулығы, үшіншіден – балиғат жасына толған болуы, төртінші шарт – ол сапарда болмауы керек. Осы шарттар орындалса, онда ол мұсылман адамның ораза тұтуы парыз. Ораза ұстауға міндеттелген әрбір мұсылман оның ережесіне де мұқият болғаны абзал. -Байқаусызда не шыдай алмай күндіз ауыз ашып қойғандар не істеу керек? -Адам пенде болған соң қателеседі, кейде ұмытып кетеді. Қателесіп ішіп-жеп қойған пендені Алла кешіреді деп Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) ескертеді. Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) былай дейді: «Қайсы бір адам қателесіп, тамақ ішіп қойса, есіне түскен сәтте оны тоқтатсын да, әрі қарай оразасын жалғастырсын. Себебі оны Алла ішкізіп-жегізді». Ал егер есіне түскен кезде «Оразам бұзылды, әрі қарай аша берейін» десе, бір күндік оразасы бұзылған болады. Бұзып алған бір күндік оразасының қазасын Рамазан айы біткеннен кейін өтеуі керек. Сондай-ақ, Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) «Егер адам әдейі, біле тұра аузын ашатын болса, онда ол 60 күн қатарынан ораза ұстасын», - дейді. Яғни, отыз күндік оразаның бір күнін әдейі бұзса, жазасын екі еселеп қайтарады. Қайсы бір адам науқас болса немесе сапарлатып жүрген болса, ұстай алмаған күндерін ораза біткен соң өтеуі тиіс. Яғни, шариғат ұстай алмаған бір күн, бес күн немесе он күн бола ма, соның қазасын өтеуді бұйырады. Ауырмайтын пенде жоқ, Рамазан айы қарсаңында біреу отаға түсіп қалады, созылмалы ауруға душар болған жандар бар, бірі күнделікті дәрі-дәрмек қабылдауға мәжбүр дегендей. Басқа да түрлі-түрлі себептермен науқастанып қалуы мүмкін. Олар жазылған соң оразасын жалғастыруы міндеттеледі. -Оразаны бұзып алуға себеп болатын қандай жағдайлар бар? -Ондай жағдайлар өте көп. Мысалы, тамақ ішіп қою, дәрет алып жатқан кезде ауызға бір тамшы су кетіп қалу, ерлі-зайыптылар ораза екендігін біле тұра күндіз төсек қатынасына барып қоятын болса, біле тұра ине салдыратын болса, жүрегі айнып, әдейілеп (қолын салып) құсып жіберетін болса және де әйел затына қатысты хайыз кезінде олардың оразасы бұзылады. Оразаны әдейі бұзған бір басқа, амалсыздықтан бұзылған бір басқа. Аузы берік екенін біле тұра шыдай алмай әдейі бұзатын болса,  жазасы ретінде 60 күн ораза ұстауы керек болады. Ал қателесіп бұзып алса, сол күнін ғана қаза етіп өтейді. -Ораза ұстауға мүмкіндігі жоқтар парызды қалай өтеуіне болады? -Созылмалы ауруларға душар болған азаматтар бар, айталық, инсультпен, қан диабеті, өкпе ауруымен немесе онкологиялық аурулармен ауыратын жандар үнемі емделіп, дәрі қабылдап, режиммен отыруға мәжбүр. Немесе әрі қарай жазылу мүмкіндігі жоқ адамдар болады. Сол секілді қарт кісілердің де бәрінің бірдей ораза ұстауға шамалары келе бермейді. Ондай кісілер не істейді? Бұл тұста Алла тағала адамдарға тағы бір жеңілдікті береді. Ол «фидия» деп аталады. Шариғатта Алла Тағала: «Таңертең және кешке бір жарлыны, кедейді тойдырсын» дейді. Немесе таңғы ас пен кешкі асқа кететін ақшаны жарлы адамға беруге болады. Егер ораза тұта алмайтын болса, жарлыны тамақтандыруға да жағдайы келмесе, Алладан кешірім сұрайды. Алла Тағала кешірімді. Өйткені Құранда: «Сендердің шамаларың келмейтін нәрседен жауапты етпеймін» делінген. Ораза уақытында тағы бір мынадай мәселе болуы мүмкін. Мәселен, ауыр жұмыста істейтін азаматтар бар. Басқа табыс көзі жоқ, амалсыз күннің ыстығында, қырда, далада ауыр еңбекпен айналысатын. Олар күннің ыстығы мен ауыр жұмысқа қиналып, шыдамауы мүмкін. Шариғат өзін қинап жасайтындай құлшылықты талап етпейді. Ондай жандарға ауыз ашуға рұқсат береді. Қазір біздің тілімізбен айтқанда «вахта» дейміз, бір апта, он-он бес күн деген секілді. Бірақ кейін оның қазасын өтейтін болады. -Кейде ораза ұстап бастағанымен, аяқтай алмай қалып жататын жағдайлар болады... -Оразаны бастап, тастап кететін болса, мүмкіндігі (жағдайы, денсаулығы) бола тұра ораза ұстамайтын болса, әрине, ол күнә болып саналады. Күнәсінің жазасын бұл дүниеде көрмегенімен, ана дүниеде жазаланатын болады. Ал оның жазасы Аллаға ғана мәлім. Не шара қолданады, оны біз айта алмаймыз. -Біз «отыз күн ораза» дейміз. Бірақ жылда қасиетті ай 29 күнмен аяқталады. Неліктен? -Ай күнтізбесі бойынша кейде алты жыл қатарынан 29 күн, алты жыл қатарынан 30 күн болып келеді. Бұл Ай күнтізбесіне, Айдың тууына байланысты. Сондықтан да кейде осы шатасу бізді алаңдатып жатады. Рамазан айының осындай бір ерекшелігі бар. Барша мұсылман қауым  ораза кезінде пітір садақа берілетінін біледі. Бұл – ананың жатырындағы сәбиден еңкейген кәріге дейін жан басына берілетін садақа. Биылғы жылы республика бойынша 300 теңге деп белгіленді. -Пітір садақа мөлшері неге сүйеніп бекітіледі? -Пітір садақа негізінен төрт нәрседен беріледі. Бидай, арпа, мейіз және құрма. Жақсы бидайдан екі келі, арпадан, құрма мен мейізден үш келі беріледі. Олардың өзі не солардың құнына тең қаражаты берілуі міндеттелді. Адам жағдайына қарай қайсысымен беремін десе де, өзі біледі. Бастысы осы Рамазан айы кіргеннен айт намазы оқылғанға дейінгі мерзім ішінде беріліп, таратылғаны абзал. Біздің еліміз бойынша бидайдың құнымен бекітіледі. Әр мемелекет жоғарыда аталған тағамдардың қайсысы қол жетімді бағада болса, соған байланысты садақа мөлшерін белгілейді. Айталық, бізде мейіз, құрма қымбат. Егер біз онымен бекітетін болсақ, өте қымбатқа шығады. Ал араб әлемінде, құрма бағасы арзан, керісінше бидай қымбат. Олар құрмамен бекітеді. Қай жерде мейіз арзан болса, мейізбен бекітеді. Яғни, ол елдің өз ерекшелігіне байланысты. Әр елдің діни басқармалары халықтың жағдайына қарап, сол кездегі нарықтағы бағаға қарап, пітір садақа мөлшерін бекітеді. -Уақыт бөліп, әңгімелескеніңізге рақмет!

Сұқбаттасқан Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

2597
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
жаңалықтар маңғыстау жаңалықтары анонс
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Руслан Есентаев грек-рим күресінен күміс жүлдегер атанды

Келесі жаңалық

Ақтауда «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы халықаралық турнир аяқталды (ФОТО)

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

    [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
    4504

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    4160

    "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

    [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
    3458

    "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

    [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
    3476

    Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
    4436

    Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр

    [ 2019 ] 30 желтоқсан, 16:50
    4315

    Рубрикалар

      СаясатӘдебиетСпортАнықтама бюросыАуыл өміріРедакция газеттеріАудан тынысыРедакция туралыАНТИКОРБайланыс мәліметтері

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстаулық дзюдошылар республикалық турнирде 13 алтын алды

    [ 2019 ] 20 наурыз, 19:37
    1774

    Маңғыстау жастары ҚР Тұңғыш Президентіне алғысын білдірді

    [ 2019 ] 20 наурыз, 12:20
    1700

    Еркебұлан Бекен: "Браво" деп айқайлағанда шаршағаныңның бәрі басылады

    [ 2019 ] 19 наурыз, 13:06
    2140

    Ақтауда дзюдодан "Иса-Досан" жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды

    [ 2019 ] 19 наурыз, 12:01
    1953

    Ғарышты зерттеп жүрген ақтаулық оқушы зымыранның ұшу сәтін тамашалады

    [ 2019 ] 19 наурыз, 10:23
    2472

    Мемқызметшілер балалар ауылының тәрбиеленушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады

    [ 2019 ] 18 наурыз, 07:01
    2002

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»