Оқиға бүгін 17 шағынаудан 44 үйге қарама қарсы жерде болған. Жүргізуші аман, медициналық көмекке жүгінбеген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Mercedes Benz көлігінің жүргізушісі кедергі кезінде рульді басқара алмаған. Салдарынан көлік аударылды. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз
қызметі.