Маңғыстау облысында болған оқыс оқиғадан 7 адам зардап шекті, -деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оқиға бүгін, 25 мамырда мектепте өткен соңғы қоңырау салтанатынан кейін болған.
- 25 мамыр күні сағат 14:00-де республикалық маңызы бар Шетпе-Сайөтес жолының 268-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Nissan Teana көлігінің 17 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кеткен. Олардың барлығы аудандық ауруханаға жеткізілді. Аталған факті Маңғыстау облысы бойынша ІІД ОПП-мен ҚР ӘҚБтК-нің 345-бабының 2-бөлігімен тіркелді. Тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аудандық аурухананың мәліметінше, барлық зардап шегуші ауруханаға жатқызылды.
– Оның екеуі медициналық-санитарлық авиация арқылы облыстық балалар ауруханасына, тағы бесеуі аудандық аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды. Қазір біреуі екінші дәрежелі комада жатыр. Диагнозы - субарахноидальды қан кету, - деп мәлімдеді Маңғыстау аудандық ауруханасы.