Бүгін Ақтауда 2 мыңнан астам жас түлек мектеппен қоштасып, жаңа өмірге қадам басты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Соңғы қоңырау мерекесіне орай Ақтау қаласындағы №13 мектеп-гимназиясында салтанатты іс-шара өтті. Оған КСРО және Қазақ КСР Ағарту ісінің үздігі, қаланың еңбек сіңірген мұғалімі Идрисова Салиха Каженовна және қала басшысы Нұрдәулет Қилыбай қатысты.
- Салиха Қаженқызы, осы жылы сіз соңғы қоңырауға 77-рет қатысып отырсыз. Сізге зор денсаулық тілеймін, бақытты ғұмыр кешіңіз. Осындай айтулы күнде сізді көру біз үшін үлкен қуаныш. Ал түлектерге сәттілік тілеймін! Баршаңызға денсаулық, бақыт, табыс, бейбітшілік пен жақсылық тілеймін, - деді қала басшысы.
№13 мектеп-гимназиясында биыл 100 түлек мектеп бітірді. Олардың ішінде 6 оқушы "Алтын белгіге", 11 оқушы "Үздік аттестатқа" үміткер.