Ақтау қаласы бойынша №2 бағыттағы қоғамдық көліктер Yutong жаңа автобусымен жаңартылады. Бұл туралы қызмет көрсетуші «Жолаушы Актау» ЖШС директоры Руслан Ахметнабиев хабарлады.
Қала автопаркін жаңарту мақсатында серіктестік өткен жылы №2 маршрут үшін «Daewoo Bus Қазақстан» зауытымен
әр бір құны 51 млн 750 мың теңге болатын 10 жаңа автобусын өз қаражаты есебінен сатып алу үшін келісімшарт жасасқан.
Алайда, әлемдегі пандемия мен өзге де түрлі себептерге байланысты жеткізуші тараптан қоғамдық көліктер уақытылы жеткізілмеген.
- Бұл Daewoo автобустары қалаға 2022 жылдың I жарты жылдығында жеткізілетін болды. Сонымен қатар, қаладағы автобустарды толық жаңарту мақсатында облыстық көлік басқармасына білдірген өтінішіміз қолдау тауып, «Каспий» ӘКК ҰК арқылы тағы Yutong автобустарының 16 данасын сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл желдеткіштері мен пандустары бар заманауи автобустар да 2022 жылдың I жарты жылдығында келеді деп күтілуде, дейді «Жолаушы Актау» ЖШС директоры Руслан Ахметнабиев.