Бүгін таңертең «Әлем» базарынан облыстық ТЖД-не қоңырау түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, Ақтауда 21 шағынаудандағы базарда 20 тонналық екі контейнердің арасынан мысық шыға алмай қалған. Ақтау қалалық құтқару бекетінің құтқарушылары шақыру орнына жеткенде гидравликалық кергіштің көмегімен мысықты контейнерлердің арасына сүйреп шығарып алды.
Құтқарылған мысықтың зардап шекпегені хабарланды.