Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев облыстық Қоғамдық кеңестің жаңа құрамымен кездесіп, жұмыстарына сәттілік тіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақ басшысы сайланған қоғамдық кеңестің төрағасы Киікбай Медеуовті жаңа қызметімен құттықтап, сайланған құрам алдында сөз сөйледі.
– Алдымызда өте үлкен міндеттер тұр. Алға қойған мақсаттарға жету үшін мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері бірлесе жұмыс істеуі керек. Біздің басты міндетіміз – аймақтың дамуы мен қоғамдық келісім және ашықтықты қамтамасыз ету. Қоғамдық кеңес – мәселені шешу жолдарын ұсынатын ұйым. Сондықтан бар мүмкіндігімізді халық игілігіне жұмсауымыз керек. Әрбіріңіз облыстың дамуына оң үлес қосады деген сенімдімін, – деді Нұрлан Ноғаев.
Айта кетейік, 12 мамырда аймақ басшысы бұған дейінгі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, қоғам үшін еткен қызметтеріне алғысын білдірген болатын.