Қуаныш пен Сағира бір-бірін 15 жылдан бері таниды. Әркімнің өз өмірі бар, десе де тағдыр кейде күрт өзгерістер жасайды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қуаныш ажырасқаннан кейін Сағирамен жақын араласа бастады. Ол қиын сәтте жиі қолдау көрсеткен.
Қуаныш есірткі ісі бойынша мекемеде жатыр. Жақында босатылады. Сол кезде оны әйелі ғана емес, бірінші некесінен туған екі қызы күтіп алады.
Бұл жыл басынан бері үшінші той. Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің ГМ-172/10 мекемесі тергеу изоляторының қабырғасында көптен бері мұндай той болмағанын баса айтады.
«Әдетте, мұндай неке бір жылда қиылатын еді. Бірақ биыл небәрі 5 ай өтсе де жаңа өмір бастаған адам көп. Мысалы, былтыр қарым-қатынасты заңдастыруға шешім қабылдаған бір ғана жұп болды. Олардың үйлену тойы күзде өтті. Біздің ұжым оларға қолдарынан келгенше көмектесті, себебі күйеуі де, әйелі де тұтқын болды. Бұл жерде, әрине, мәселе басқаша. Тек ер адам ғана сотталды. Екеуі де керемет деп айтқым келеді! Толыққанды өмір сүреді, теріс пікірге мән бермейді. Бір-біріңді сүйеді! Жаңа отбасына амандық, өзара түсіністік тілеймін, - дейді ГМ-172/10 мекемесі бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Дәуренбек Иманғазин.