“ҚР-ның сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45 бабына, 2022 жылғы 17 мамырдағы Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес Молдабеков Бауыржан Хамитұлы Форт-Шевченко қаласының әкімі лауазымына сайланды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бауыржан Хамитұлы 1993 жылы Түпқараған ауданында дүниеге келген.
Білімі -жоғары. Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін "Аргарлық техника және технология" мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмәмдады.
Еңбек жолын 2015 жылы Жастар практикасы бойынша "Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветерания бөлімінде" маман болып бастаған.
2016 жылы маман "Түпқараған аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" жұмыс істеді.
2016-2017 жылдары "Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветерания бөлімі" бас маман міндетін атқарды.
2018-2019 жылдары "Ұйымдастыру бақылау бөлімшесінің" басшысы болды.
2019-2022 жылдары Форт-Шевченко қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Б. Молдабековке Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Ақкенже қызметтік куәлігін табыстады. Ал аудан басшысы Рахат Тезекбайұлы Елтизаров Форт-Шевченко қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді.