Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының директоры болып Ермекбаева Гүлжан Аманбекқызы тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Гүлжан Аманбекқызының медицина саласындағы еңбек өтілі - 20 жыл.
1996-2002 жылы Ақмола мемлекеттік медициналық институтын педиатрия мамандығы бойынша бітірген.
2002-2003 жылы Ақмола мемлекеттік медициналық институтында анестезиолог-реаниматолог мамандығы бойынша интернатурадан өткен.
2003 жылы Облыстық инфекциялық ауруханасында педиатр дәрігері болып саладағы еңбек жолын бастады.
2011– 2016 жылы жансақтау бөлімінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері қызметін атқарды.
2016 жылы невролог мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтіп, невролог қызметіне ауыстырылды.
2018 жылы жүйке-жүйе аурулары бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2020 жылы Маңғыстау облыстық балаалр ауруханасында директордың емдеу-ісі жөнідегі орынбасары, кейін директордың міндетін атқарушы қызметі жүктелді.
2022 жылдың, 16-мамырынан бастап Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының директоры қызметіне тағайындалды.