Ақтауда қоғам белсенділері мен "Антикор" жанынан құрылған еріктілер мектеп асханасына мониторинг жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мониторинг аясында қоғам белсенділері Мир Жайлиев пен Нұрлыбек Жалғасбай №16 С. Мұқашев атындағы мектеп, №17 жалпы білім беретін мектеп, Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі, Білім-инновациялық лицейі мен С. Қондыбай атындағы № 22 мектеп-гимназиясы асханасының жай-күйімен танысып, ас мәзірін тексерген.
- Мониторингтің мақсаты - тегін тамақтанатын оқушылардың тамағы ас мәзіріне сай болуын, мектеп асханасының жағдайын бақылау. Осы уақытқа дейін жасалған мониторинг бойыншы барлық мектеп оқушыларды талапқа сай тамақпен қамтамасыз етіп отыр, - дейді "Антикор" жанынан құрылған еріктілер тобының белсендісі Мир Жайлиев.
Оның айтуынша, алдағы уақытта мониторинг жұмыстары жалғасады.