Ақтауда 1 шағынаудандағы 14, 15, 16, 18, 19, 20, 21 тұрғын үйге ыстық су берілді. Қазіргі таңда қалған 21 үйге ыстық су жеткізу үшін тозығы жеткен құбырларды ауыстырып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Қазір «КЖСА» МКК тозығы жеткен құбырларды ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондықтан тұрғындарды шыдамдылық танытуға шақырамын. Әрине, қордаланып қалған мәселелер бар. Осы тозығы жеткен құбырлардың барлығын ауыстырамыз деген арнайы жоспарымыз бар, - дейді қала әкімі Ұлықбек Тналиев.
Тозығы жеткен құбырлардың салдарынан жылу дұрыс берілмейді. Мәселен, 7 атмосфераға дейін қысымын көтерсек, тозған құбырлар шыдамай бұзылып жатыр.
- Жұмыстар жасалып жатыр. Бұйырса рет-ретімен ыстық суды қосатын боламыз. Қазір 1 шағынаудандамыз. Әрі қарай аралап, ыстық су қай үйлер қосылды, қосылмады соны қараймыз. Құрметті тұрғындар, өзіңіздің ПИК-пен бірлесіп, қақпақша ашық тұр ма, жабық тұр ма? Соны тексеру керек. Кейбір МИБ, ПИК осы жұмыстарды әлі жасаған жоқ. Біз қазір әкімдіктің қызметкерлерімен бригадаларға бөлініп, тұрғын үйлердің жертөлелерін қарап жүрміз, - дейді Ұ.Тналиев.