Құрық ауылында үш балалар ойын алаңы салынып жатыр. Бұл туралы Құрық ауылының әкімі Ғабит Салихов айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
Сондай-ақ аталған елдімекендегі тозығы жеткен спорт алаңын қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде.
Оның айтуынша, балалар ойын алаңы «Жаңақұрылыс» шағынауданы мен 9 шағынауданның арасында, 10-14 шағынаудандар аралығында және «Мамедова» көшесінде салынып жатыр.
- Мердігер мекеме - «МаңғыстауПромСтрой» ЖШС-і конкурс жеңімпазы, келісімшарт жасақталды. Балалар ойын алаңдарын салудың келісімшарт құны - 7 050 000 теңге. Сонымен қатар 3 шағынаудандағы ескі футбол алаңын қайта құрылымдау жұмыстарына «БН Капитал» ЖШС-мен 8 960 000 теңгеге келісімшарт жасақталып, жұмыстар жүріп жатыр, - деді Ғабит Салихов.