Баутин елді мекенінде 100 адамға арналған жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мешіттің ашылу рәсіміне ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы, облыстық Бекет ата мешітінің бас имамы Әнуар қажы Елжанов, аудан ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Аудан әкімі Рахат Елтизаров құттықтау сөз сөйлеп, мешіттің салынуы үлес қосып, демеушілік көрсеткен азаматтарға аудан жұртшылығы атынан ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыстады.
- Баутин, Аташ ауылының тұрғындарына имандылықтың ордасын салып берген Алаи Исмаил Самедоғлы ортамызда отыр. Исмаил мырзаға аудан жұртшылығы, ауыл тұрғындары атынан зор ризашылығымызды білдіреміз. Құрметті жерлестер! Сіздерді жаңадан бой көтеріп, қолданысқа берілгелі отырған мешіттің ашылу салтанатымен тағы да шын жүректен құттықтаймын! Бұл орын жылу мен берекенің ордасына айналғай, - деді аудан әкімі Рахат Елтизаров.
Жаңа мешіттің лентасын Баутин ардагерлер кеңесінің төрағасы Қанжан Тәуірхан, Алаи Исмаил Самедоғлы мен Әлімғали Қапуов және ҚМДБ өкілі Әнуар Елжанов кесті.