20 мамыр Достық үйінде Әзербайжан халқының ұлт көшбасшысы, Әзірбайжанның Республикасының үшінші президенті Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кешке Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығының басшысы Эльчин Маммадов пен Ақтаудағы әзірбайжан диаспорасы және зиялы қауым өкілдері қатысты.
-Әрбір халықтың, елдің, этностың және бүкіл адамзаттың тарихында құрметті орын алатын тұлғалары бар. Олар өткеннің беттерінде өшпес із қалдырған бірегей тұлғалар. Осындай тұлғалардың бірі - Гейдар Әлиев.
Гейдар Әлиев Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан тұлға, - деді Нұрлан Ноғаев.
Кешті Әзербайжан Республикасының Халық әртісі Натиг Ширинов бастаған "Натиг" ритм-тобы мен әзірбайжандық «Мирвари» би тобы ашты. Концерте сондай-ақ, «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблі, «Жорға» би ансамблі, Әзірбайжанның еңбек сіңірген әртісі Шахрияр Иманов өнер көрсетті.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында 7 мыңға жуық әзірбайжан этносының өкілдері бар. Олар өңірімізді мекен еткен өзге де этнос өкілдерімен ауызбіршілік пен достық қарым-қатынаста. «Достлуг» әзірбайжан этномәдени бірлестігі облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшесі.