Айгерім Муфтуллаева өзі қызмет ететін Мұнайлы ауданындағы №5 мектептен coworking орталығын ашты. Орталықтың мақсаты - оқушыларға, ұстаздарға өзінің сүйікті ісімен айналысуға, жастардың бизнес, шығармашылық, оқу бағдарламалары аясындағы креативті жобаларын жарыққа шығарып, жүзеге асыруға мүмкіндік беру.
- Коворкинг орталығы 5 аймаққа бөлінген: ғылыми тәжірибе аймағы, танымдық белсенділікті арттыруға арналған аймақ, бейресми кездесулер аймағы, демалыс аймағы және жеке жұмыстар жасауға арналған алаң. Мұнда іскерлік кездесулер, пікірталастар, интеллектуалды ойындар, көрмелер ұйымдастыруға және фильм көруге мүмкіндік жасалған. Келушілердің демалуына жағдай жасалған қолайлы орын. Мұнда теледидар, үстелдер, пуфиктер қойылған. Оқушылар қызықты кітап, газет-журналдармен таныса алады», - деді Айгерім Муфтуллаева.
Ал демалыс аймағында жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасалған. Мұнда әртүрлі қызықты кітаптар, ойындар топтастырылған. Орталық толықтай заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Орталыққа күніне жүзге жуық оқушы келеді.