Маңғыстау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2021 жылда тұтынушыларға 4 322 244 тенге қайтарған. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде департамент басшысы Рауан Мұхаев хабарлады.
Оның айтуынша, 2021 жылы департаментке тұрғындардан 708 өтініш түскен. Оның 104-сі қанағаттандырылған, 548-і түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
- Өтініштердің ішінде жазбаша - 91, Телеграм-Бот арқылы – 10, жеке қабылдауда – 119, Бірыңғай ақпараттық жүйе – 401 және жедел желі бойынша – 87 болды. Көбіне мынандай мәселе бойынша шағым түседі: бөлшек саудада сапасыз тауарларды сатып алу, тауарларды айырбастау және қайтара алмау; жиһаз жасау мен жөндеуді қоса алғанда, тұрмыстық қызмет көрсетудің сапасыз көрсетілуі; көлік қызметі саласында, оның ішінде билеттерді қайтару кезінде ақшаны қайтарудан бас тарту. Негізгі құқықбұзушылық- кәсіпкерлердің тұтынушылардың жазбаша шағымдарына жауап бермеуі болып табылады,-деді Рауан Мұхаев.
Жалпы, департамент 2021 жылда алғаш рет ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексеру жүргізген.
Тұтынушылар ақауы бар тауарлар алып, осы бойынша жазған өтініштері қаралмаған. Департамент өз кезегінде бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мақсатында және ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес тексеру тағайындап, өкілдерден түсіндірме хат алып, ұйғарым енгізді. Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылды. Азаматтардың талаптары толығымен қанағаттандырылды. Тексеру нәтижесінде тауар үшін қаражат қайтарылды. Кейбір кәсіпкерлік субьектісі әкімшілік айыппұл төледі.
Сонымен қатар, өтініштерге жүргізілген талдау негізінде департамент тұтынушылардың құқықтарын бұзудың негізгі себептерін анықтады, оларға мыналар жатады:
- тұтынушы ретіндегі өз құқықтары туралы халықтың құқықтық сауаттылығының төмендігі;
- кәсіпкерлік субъектілерінің «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңын білмеуі және сақтамауы;