Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаев мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, оның ішінде 45-50 ірі іс-шаралар. 37 республикалық деңгейдегі жарыс: 4 Республикалық Кубогы, 18 Республикалық чемпионаты, 15 Республикалық турнирі өтеді. 10 Халықаралық деңгейдегі жарыс: Дзюдо бойынша Азияның Ашық Кубогы (Asia Open), әлем кубогының кезеңі, 8 Халықаралық турнирі өтеді. 336 облыстық чемпионат және облыстық ашық турнирі, 7 облыстық кешенді спорттық спартакиада өтеді.
-Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жалпы ұлттық іс-қимыл кезеңі» атты жолдауына бұқаралық спортты дамыту қарқынды қолға алынды. 2021 жылы 6 898 бала тегін түрде спортпен шұғылданып 56 спорт түрінен 325 секция ашылды.
Сондай-ақ, 2022 жылға облыс көлемінде мемлекеттік спорттық тапсырыс жүзеге асырылу барысында жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативіне сәйкес 62 жеке кәсіпкерлердің өтінімі расталып 22 спорт түрінен мемлекеттік спорттық тапсырыс арқылы 8308 балалар мен жасөспірімдерді тегін түрде спортпен қамтитын секциялар ашылды. Аталған мемлекеттік тапсырыс 2021 жылдың маусым айынан бастап, жүзеге асырылуда, деді Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаев.