©
Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Талғатбек Бапиев бүгінгі брифингте осылай деді.
Менингит дертіне шалдыққандар мен көз жұмғандар Алматы, Талдықорған қалалары, Алматы, Қызылорда облыстарында тіркелген. Ал бірнеше күн бұрын Маңғыстауда орын алды деген мазмұндағы ақпарат облыс тұрғындары арасында өрбіді. Басқарма басшысы әлеуметтік желідегі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын баса айтып, халықты сабырға шақырды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: 4 бауырын өрттен құтқарған 13 жастағы Дархан (ВИДЕО)-Желіде тарап жатқан ақпарат жалған. Бұл сырқатпен ауырып, дүние салған студент Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Бірақ Алматы қаласында жүріп ауырған, бізбен ешқандай байланысы жоқ. Маңғыстау өңірінде мұндай жағдай тіркелмеді. Сондықтан облыс халқының қобалжуына негіз жоқ. Желіде жалған ақпарат таратқандар Бас Прокуратураның бақылауында. Қазір мәліметтің қайдан шыққаны анықталып жатыр. Халықты дүрліктіріп отырғандар тексеріледі. - деді МО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғатбек Бапиев.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ