Мерекеге орай жастар флешмоб ұйымдастырды (ВИДЕО)
[ 2017 ] 6 мамыр, 14:57 | Жаңалықтар
Бүгін Назарбаев зияткерлік мектебі оқушылары мен еріктілер тобы біріге отырып мерекелік флешмоб ұйымдастырды. Шараға қолдау білдірген – Маңғыстау олбыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы. Шара ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына байланысты республикалық акция аясында және 7 мамыр, 9 мамыр мерекелеріне орайластырылып отыр. «Республикалық акцияға сәйкес екі флешмоб өтіп жатыр. Бірі –теңіз жағалауында Қарулы күштері әскерлерінің қатысуымен, бірі – Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушылардың атсалысуымен. Бұл бір жағынан жастардың өз ұсыныстарымен де қолға алынды. Олар осы арқылы өздерінің мерекелік сәлемдемесін, үндеуін жолдап жатыр деуге болады. Жалпы мұндай шараларды жиі ұйымдастыруға тырысамыз. Мақсаты – жастарымыздың, буыны енді қатайып келе жатқан жасөспірімдеріміздің патриоттық сезімін нығайту, Отан қорғаушыларымызға деген құрметін арттыру», - дейді Маңғыстау олбыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Аманғали Сүлейменұлы. Назарларыңызға ҚР Қарулы күштері әскерлерінің теңіз жағалауында ұйымдастырған флешмобын ұсынып отырмыз.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
https://youtu.be/ih1FwDb4XpA
1498
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.