©
«Оқушы орталығы» МКҚК аула клубтары арасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдық мерекесіне орай балалардың асфальтта сурет салу байқауын ұйымдастырды. «Оқушы орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен аула клубтарының арасында үйірме мүшелерінің қатысуымен 7 мамыр - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдық мерекесіне орай балалардың асфальтта сурет салу байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – сурет өнері арқылы үйірме мүшелерінің бойында жалпыұлттық және елжандылық сезімді ояту, Отанды құрметтеу, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу болатын. Сурет байқауына Ақтау қаласының 15 шағын аудан теңіз жағалауында «Оқушы орталығы», «Арай», «Шағала», «Толқын», «Ұлан», «Арман» аула клубтарының 44 жас суретшілері қатысты. Байқаудың шартына сәйкес, қатысушылар 8–9 және 10–12 жас шамасы бойынша, берілген тақырыпқа сай өз қиялын бейнелеуге тиіс. Байқау барысында балалардың әскери қызметке деген қызығушылығы, құрметі бала көңілдерінен шыққан туындыларынан байқалып тұрды. Екі жарым сағатқа созылған байқау қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, 8-9 жас шамасы арасында «Ұлан» аула клубынан Оразғали Нұржан-І орын, «Толқын» аула клубынан Құлмырзаев Темірлан - ІІ орын, «Оқушы орталығы» Батырғали Мөлдір, Дайрабаева Сабина, «Арай» аула клубынан Мусаева Альмира - ІІІ жүлделі орындарды иеленді. 10–12 жас аралығы бойынша «Арман» аула клубынан Сұлтанбеков Нұрлан - І орын, «Шағала» аула клубынан Жолдаұлы Нұртілек, «Оқушы орталығы» Дайрабаева Аида, «Толқын» аула клубынан Халелов Автондели – ІІ орын, «Шағала» аула клубынан Кемелханов Ақылжан, «Арай» аула клубынан Индрешко Венера, «Оқушы орталығы» Надирова Альбина – ІІІ орындарға ие болды. Сондай-ақ, барлық қатысушы үйірме мүшелері сурет байқауындағы белсенділігі үшін «Оқушы орталығы» МКҚК-ның арнайы Мадақтамаларымен марапатталды.