Маңғыстау облысында «Jastar week» жастар апталығы аясында 63 іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жастар апталығы Taza Like экологиялық науқанынан басталды. 450 жас науқанға қатысып, 300 тоннаға жуық қоқыс жинады. Өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мектеп түлектері ақпараттық кеңес берді. Сонымен қатар шағын футболдан базар жастары арасындағы «Теңбіл доп» турнирі, Жаңаөзенде «Zhas Designer» оқыту бағдарламасы, теңіз жағалауында тоғызқұмалақтан облыстық ашық чемпионат ұйымдастырылды.
Сонымен қатар «Кедергісіз Маңғыстау» әлеуметтік жобасының аясында ерекше қабілеті бар жастар мен жасөспірімдерге арналған қысқа мерзімді курстар өткізілді. Облыстық жастар ресурстық орталығы ғимараты жанынан маңғыстаулық волонтерлерге арналған «QOLDAU» фронт-офисі ашылды. Осылайша, волонтерлік ұйымдар мен бастамашыл топтарға арналған шағын гранттар конкурсына өтінім қабылдау басталды.
Жастар күні аясында Жаңаөзен, Ақтау және облыс аудандарында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, «жас кәсіпкерлер жәрмеңкесі/көрмесі», «Жайдарман» ойындарының сайысы, поэзия кеші, қоғамдық рейд, «№7-спикер» интеллектуал конференциясы ұйымдастырылды. Ал Жетібай ауылы мереке қарсаңында ескі ғимарат күрделі жөндеуден өткізіп, жастар орталығының бөлімшесін ашты.
Бір аптаға созылған жастар күні «Жастармен бірге» Open Air кешімен қорытындыланды.