Бүгін - Абай Құнанбаевтың туған күні. Ұлы ойшылдың құрметіне Ұлттық статистика бюросы оның есімімен аталған қазақстандықтар туралы деректер жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
QAZSTAT мәліметінше, бүгінде елімізде 18 586 Абай есімді адам бар. Мұндай аттастардың ең көп саны Түркістан облысында – 2050, одан кейін елордада – 2021, ал Алматы қаласы 1639 адаммен үздік үштікті түйіндеп тұр.
Маңғыстауда Абай есімді 1241 тұрғын бар.
Ойшылдың ең аз аттастары Ұлытау өңірінде – бар болғаны 193.
Ақынның туған өлкесінде (Абай ауданы) 232 адамның аты Абай.
Жас құрылымына қарасақ, 18 жасқа дейінгі 4166 баланың аты Абай болса, 18 бен 44 жас аралығында 8 179, 45 жастан асқандардың 6241-і ақынмен аттас.
Сонымен қатар, елімізде Абай есімді 200 полиция қызметкері бар.