Ақтауда халықаралық жастар күні, ұлы ақын, ойшыл, хакім Абай Құнанбайұлының туған күніне орай ашық аспан астында поэзия кеші өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазақстан халық ассамблеясы, Маңғыстау облысы жастар ассамблеясы республикалық қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен өткен поэзия кешінің басты мақсаты – жастарға, қала тұрғындарына Абай шығармаларын кеңінен таныстырып, насихаттау.
Поэзия кешінде жиырма шақты жас өнерпаздар жиналған көпшілікті сүйсінтті. Өзге этнос өкілдері, қаланың, облыстың белгілі әнші-бишілері де аянып қалмады. Мектеп оқушылары да жарыса Абай өлеңдерін оқыды.
“Поэзия кешінің басты ерекшелігі – шабыт шақырған шараның аспан астында өтуі. Жиналған жұрт, жақын маңда тұратын адамдар келіп, өлең оқыған, Абай әндерін шырқаған өнерпаздарды тыңдады”, - дейді Маңғыстау облысы жастар ассамблеясы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрсұлтан Тұяқбаев.