Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қаланың автокөлік жолдарын техникалық сумен жуу жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпаратына сәйкес, бұл жұмыстар жаз мезгілінде аптасына үш рет көлік қозғалысына кедергі келтірмеу үшін таңғы мезгілде жасалады. Аталған жұмыстарға 4 арнайы техника жұмылдырылды.
- Техникалық сумен жуу 35-шағын аудан «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ғимаратынан бастап трифумфальная арка композициясына дейін, 15-шағын аудан халыққа қызмет көрсету орталығынан бастап «Астана» сауда орталығына дейінгі автомобиль жолында жүргізілді. Бұл жұмыстарға тек қана техникалық су пайдаланылды. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, - деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.