Ақтауда коммуналдық сала қызметкерлері күніне 50 тоннадан астам қоқыс шығарады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тазалық жұмыстары қаладағы саябақ, сквер, алаңдарда, шағын аудан ішінде жүргізіледі. Коммуналдық сала қызметкерлері қоқыс контейнерлерінің маңындағы ірі габаритті қоқыстарды жинайды. Сонымен қатар, кезекші бригада сағат 17:00-21:00 аралығында 15-шағын аудан «Самал» теңіз жағалауын бойлай Ақжелкен тұрғын үй массивіне дейін тазалық жұмыстарын жүргізеді.
Сондай-ақ, мердігер компаниямен тазалыққа арнайы техникалар(шаңсорғыш) алынды. Бұл техникамен мамандар қаладағы саябақ, сквер, алаңдарды, теңіз жағалауын тазалайды.
- Қала аумағында санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Бұл жұмыстарға мердігер компания «Ақжол+К» мекемесінің 400-ге жуық қызметкері мен 25 арнайы техникасы жұмылдырылған. Мамандар сағат таңғы 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін жол жиектерін сыпыру, қоқыс жинау, тазалау жұмыстарын жасайды. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі қала тұрғындары мен қонақтарын қоршаған ортаға құрметпен қарап, тазалық сақтауға шақырады, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ғазиз Сағынғалиев.