Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтау қаласы полиция басқармасының ювеналды полиция тобының инспекторлары мен БАҚ өкілдері қала көшелерінде рейд жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тәртіп сақшыларының жүргізген рейд жұмыстары барысында 10-нан астам жасөспірімнің түнгі сағат 23-00-де қала көшелерінде жүргендігі анықталды.
Кәмелетке толмаған 10 жасөспірімді түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз жүргені үшін полиция қызметкерлері басқармаға жеткізіп, ҚР ӘҚБтК-тің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталып 10 ата-ана жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Одан бөлек, 200, 463, 440-баптар бойынша да бірқатар құқық бұзушылықтар тіркелді. Түнгі рейд жұмыстарын жүргізу жыл соңына дейін жалғасатын болады.