Қоғамдық штаб өкілдері Ақтау қаласындағы “Дина” және “Анвар” гипермаркетіндегі азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік бағалары тексеріліп, бірқатар құқықбұзушылықтар анықталды. Бағаларының әртүрлі болғанына Анвар директоры «бізде техникалық ақаулар»,- деп қысқаша жауап қайтарды.
Қоғамдық штаб өкілдері сауда орталықтарының басшылығына азық-түлік бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлерге ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес құзырлы органдар тарапынан тиісті хаттама толтырылып, әкімшілік жазаға тартылатыны туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын да жүргізді.
Айта кетейік, осыған дейін штаб мүшелері «Сары базар» орталығының азық-түлік бағаларын тексерген болатын. «Баға неге тұрақсыз?» деген сұраққа сатушылар: «жол жабық, бізге қымбат келіп жатыр, сол себепті тұрақсыз» деп жауап қайтарды.
Осы орайда қоғамдық штаб мүшелері көтерме сауда базарын аралады. Саудагерлердің айтуынша, сатушылар «бағаны көтереді». Тексерісте бағадан бөлек көптеген құқық бұзушылықтар анықталды. Қоғамдық штаб мүшелері барлығын тиісті органдарға жеткізетін айтты.