Жаңаөзенде 5548 әскери бөлімінің әскери жасағы қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін атқара отырып, қала тұрғынын есірткімен ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрамында патруль басшысы, қатардағы жауынгер Анищенко Артем, қатардағы жауынгер Ислам Ахметов және Бекзат Қабылбай бар әскер отряды бағыт бойынша патрульдік қызметті атқарып жүреді. «Шұғыла» ықшамауданындағы No4 үйдің маңында патрульдеу кезінде өзін күдікті ұстаған жас жігітті байқайды.
Әскери киімдегілерді көрген ол жасырынбақ болады, бірақ әскери қызметкерлердің шебер және шешуші әрекеттерінің арқасында ұсталды.
Тінту кезінде куәгерлердің көзінше күртешенің сол қалтасынан иісі бар, қағаз бумаға оралған жасыл түсті зат табылады. Ол есірткі болып шықты.
Ұсталған азамат одан әрі тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілді.