Алматыда өткен «Атадан-мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасындағы «Ана туралы жыр» халықаралық байқауында «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша байқауда жетібайлық жас өнерпаздар бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәстүрлі өнердің дамуына үлесін қосып жүрген ауданымыздың танымал жыршысы, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы Жетібай мәдениет үйінің “Жыр-терме” үйірмесінің маманы, Аманбек Саурбаев жетекшілік ететін «Қанаттанған» ансамблі ауданымыздың абыройын асқақтатып, биік мінбеден көрінді.
-Талай ғасырлардан бүгінге жеткен дәстүрлі ән өнерінде өзіндік үлестерін қосып жүрген, қасиетті қара домбыраға өскелең ұрпақты баулып, керемет сайысты ұйымдастырған ұйымдастырушыларға ризалшылығымды білдіремін! Шәкірттерімнің алар-асуы алда болғай,- деді А.Саурбаев