«Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жетібай ауылындағы ескі көше шамдарын, энергия үнемдегіш лэд жарық шамдарына ауыстыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба мақсаты – көшедегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып отыр. Тұрғындардың ұсынысы бойынша, жанбай қалған жарық шамдарын ауыстырады.
Жоба аясында аудан бойынша 1000-нан аса ескі көше жарығы және 88 ескі бағаналар ауыстырылып, жаңадан 155 бағана орнатылады.
- Жарық - ол әуелі түнгі мезгілде тұрғындардың қауіпсіздігі үшін маңызды! Қәзіргі заманға сай, энергияны үнемдейтін жарық шамын орнатып жатқан азаматтарға алғысымыз шексіз. Орнатылып жатқан жарық шамдары көңіл қуантады.Осындай жұмыстар жалғасын таба берсін, - деді ауыл тұрғыны.
Айта кетейік, мердігер мекеме «Ақтау Сервис Кұрылыс» ЖШС жұмыстарды жүзеге асырады. Жоспарға сәйкес жұмыстар маусым айында аяқталмақ.