Халықтың жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы Сенек ауылына ауылішілік автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып, 5 шақырымға жол салынады.
«Ауылішілік жолдарды жөндеуден өткізіп жатыр, ризашылығымызды білдіреміз. Ауылымыз көркейіп, гүлдене беріп, осындай керемет ел игілігі үшін атқарылатын істер көп болғай», - деді ауыл тұрғыны
Жол құрылысына жауапты мердігер мекеме «Ынта» ЖШС, жоспарға сәйкес шілде айында аяқталады.
Биыл Сенек ауылына 3 шақырымды құрайтын, жол құрылысының жұмыстары басталатын болады.