Қарақия ауданы Сенек ауылындағы «Саялы» саябағына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Демалыс аймағының аумағы 0,55 гектарды құрайды. Биыл саябаққа 200 - ден аса көшет отырғызылды. Алдағы уақытта қосымша 100 дана раушан гүлі мен ағаш отырғызу жоспарланған.
Саябақ аумағына Ұлы Отан соғысында қаһармандық үлгісін көрсеткен жауынгерлер мен хабар-ошарсыз кеткен боздақтарға арналған ескерткіш тақта орнатылып, жаяу жүргіншілер жолы төселеді.
Одан бөлек, электр қуатын үнемдейтін жарық шамдары мен орындықтар қойылып, автотұрақ жасақталады.
Бүгінде жөндеу жұмыстары 50 пайызға аяқталды. Мамыр айында толықтай ел игілігіне беріледі.
Саябақ аумағын тазалау, жасыл желектерді күтіп-ұстаумен ауыл әкімдігі арқылы қоғамдық жұмысқа орналасқандар айналысады.