Қарақия ауданында жеке кәсіпкер Ш.Омаровамен келісім шарт жасақталып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда Мұрат Өскінбайұлы көшесіне, орталық саябаққа, ауыл әкімдігі ғимаратының жанына 100 дана арша, 200 дана раушан гүлі егілді.
Көшеттерді суару, күтіп-баптау, айналасын қоршау ауыл әкімдігіне ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған қызметкерлер жүзеге асырады.
Сонымен қоса, әрбір көшетті күтіп-баптау жұмыстары тұрғындарға түсіндіріліп, мамандар табиғатты аялауға шақырды.
«Көгалдандыру, тал егіп, оны күтіп-баптау баршамызға ортақ іс болуы тиіс. Өйткені, бүгінгі біздің еккен ағаштарымызды болашақта біздің ұрпағымыз саялайтын болады. Тазалық – бірінші кезекте өз денсаулығымызды сақтауға септігін тигізсе, көшет отырғызу – жасыл белдеу қалыптастырудың негізі» дейді округ әкімі Санат Төкенов.
Айта кетейік, жаңадан егілген ағаштарды суару заманауи талапқа сай тамшылатып суару әдісі арқылы жүргізілмек.