24 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында Маңғыстау аудандық ІІБ 102 полиция бөлімінің кезекшісіне әйел хабарласты. Ол 14 жастағы ұлының түнде үйден шығып, кейін оралмағанын айтқан, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-не сілтеме жасап.
Бір сағаттан кейін тәртіп сақшылары жан-жақты іздестіру жұмыстарының арқасында сол ауылдан жасөспірім баланы тауып, аман-есен ата-анасына тапсырды. Полицейлер жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді.
Баланың анасы полиция қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.