• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 3 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

    Түпқараған ауданында «Қазына» этнолагері жұмысын бастады

    [ 2022 ] 7 маусым, 17:59  |  Түпқараған

    Түпқараған ауданы бойынша 1 маусымнан бастап 11 мектептің жанынан балаларға арналған арнайы лагерь жұмысын бастады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

    Жоба балалар жылы аясында арнайы ұйымдастырылған. Балалардың жазғы демалысы 2 бағыт бойынша ұйымдастырылып жатыр.

    Оның біріншісі жазғы сауықтыру және балалардың бос уақытын тиімді пайдалану бағытында болса, екіншісі еңбекпен, танымдық шығармашылық, спорттық, туристік шаралармен қамту бағыты бойынша қолға алынған болатын. Солардың ішінде ерекше тоқталып өтетін Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейі жанынан ашылған «ETNO-2022» жазғы тынығу «Қазына» этнолагері.

    Түпқараған ауданының Ғ. Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінде «Қазына» этнолагері мектеп жасындағы балаларды ұлттық өнерге баулу, дәстүрлі ән мен қолөнерін үйрету, ұлттық ойындар ойнату, ұлттық тағам түрлерінің жасалу технологиясын меңгертіп, туған өлке тарихымен таныстыру арқылы жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіру мақсатында өз жұмысын бастады. Сондай-ақ, қолөнер, дәстүрлі ән-би өнері, ұлттық ойындар, ұлттық тағам түрлерін әзірлеу, туған өлке тарихы, қылқалам үйірмелері де бар.

    Мектеп ұжымынан құралған 12 тәрбиеші, 15 үйірме жетекшісі «Үркер», «Ақберен», «Бойтұмар», «Алтын сақа», «Мұзбалақ», «Сәйгүлік» тобымен бірге тынығу алаңы жұмысының жоспары бойынша балалардың алғашқы күнін мектеп алаңына киіз үй тігіп, жер ошақ құрып, қонақтар қабылдап бастады. 14 күнге созылған балалардың жазғы демалысында 150 бала қамтылуда.

    - Бірінші күні оқушылар таңғы жаттығуды «Қара жорға» биімен бастады. Таңғы асқа балаларға қазан ошақта пісірілген ыстық бауырсақ пен шұбат ұсынылды. Ошақта қалған шоққа көмілген күрең қызыл таба нан да дастарханға жеткізілді. Тынығу алаңының ашылу құрметіне мерекелік концерт ұйымдастырылды. Осындай үрдісімен күнде жалғасын тауып жатыр, - дейді ұйымдастырушылар.

    Тынығу алаңына арналған он төрт күн әр бағыт бойынша жоспарланған ісмермен, сәулетшімен, құсбегімен, атбегімен, суретшімен кездесу балалардың ұлттық құндылықтарды танып-білуіне зор ықпалын тигізеді деп күтілуде.

    Одан бөлек, Ақшұқыр мектеп-лицейі жанынан «HOLIDAY» жазғы демалыс лагерінде этноауыл күндері, А.М.Горький мектеп-лицейі жанынан «Әскери-туристік, палаталық лагері», М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясында «SMAEL-2022» инклюзивтік оқушыларға арналған үйірмелік лагері және қалған мектептерден еңбек, оқырман, экологиялық бағыттағы лагерь жұмыс жүргізетін болады.

    Суреттерді түсірген Талант Құсайын

    4337
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Аудан тынысы Түпқараған
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Түпқарағандық жас футболшылар республикалық турнирде күміс алды

    Келесі жаңалық

    «Жасыл ел»: Түпқарағанда еңбек маусымы басталды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Рахат Елтизаров шаруа қожалықтарын аралады

      2 тамыз, 19:21
      3347

      Түпқарағанда балық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

      15 шілде, 12:31
      4075

      Басқұдық ауылының тұрғындары көптен алынбаған қоқыс қалдықтарынан сасық иіс шығатынын айтты

      11 маусым, 10:14
      4600

      Түпқарағанда ауданаралық көлік жолы 5 жылдан бері неге аяқталмай тұр?

      16 мамыр, 16:28
      5021

      Тұщықұдықтағы өнегелі отбасы

      15 мамыр, 11:32
      6863

      Түпқарағанда Жеңіс күні мерекесі аталып өтті

      9 мамыр, 13:02
      5139

      Рубрикалар

        Біле жүріңізАнықтама бюросыАудан тынысыӘлем жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғамАшық қоғамКомплаенсМаңғыстау жаңалықтарыСпорт

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

      27 қараша, 17:04
      704

      Ақтауда Қазақстан мен Әзірбайжан халықтарының ынтымақтастығын көрсететін «Достық аллеясы» ашылды

      9 қараша, 19:59
      4836

      Франция Ақтау теңіз портының инфрақұрылымына инвестиция салу нұсқаларын қарастырып жатыр

      6 қараша, 10:04
      1408

      Ұлттық Университет әлемдік бәсекеге қабілетті мамандар даярлайды

      5 қараша, 15:02
      1036

      Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты

      4 қараша, 10:06
      6215

      Маңғыстаудағы ірі мұнай компаниялары жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға келісті

      4 қараша, 09:51
      1479

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»