Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады mangystaumedia.kz.
Аудан орталығы Форт-Шевченко қаласында ұйымдастырылған мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Талғат Алтынғалиұлы қатысып, сала мамандарын айтулы күнімен құттықтаған.
«Бүгін біз сіздермен атакәсіптің тамырын үзбей, адал кәсіпті ұрпақтан ұрпаққа жалғаған балықшылар қауымының мерейлі сәтінде бас қосып отырмыз. Бүгінде балық шаруашылығы – аймақ экономикасында өзіндік орны бар, тарихи мән-мағынасы жоғалмаған ата кәсібіміз ғана емес, береке-байлығымыз болып отыр. Олай болса, балық шаруашылығының дамуына аянбай үлес қосып жүрген сіздердің қиындығы мен қызығы қатар жүрген еңбектеріңіз толайым табысқа толы болсын дей отырып, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!» - деді Талғат Алтынғалиұлы.
Мерекелік шарада ауданның балық өнімдері жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Сонымен қатар,аудан өнерпаздарының мерекелік концерттін барша демалушылар тамашалаған.