Өткен аптада Түпқараған аудандық ауруханасында егде жастағы 3 тұрғынға ота сәтті жасалды. Науқастарға дәрігерлік көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша көрсетілген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түпқарағандық дәрігерлер хирург Талғат Мұқантаев пен Қанат Измаилов, анестезиолог Нұрлыбек Жалғасбаев 63 жастағы 2 тұрғынға холециститэктомия өт қабын алу, 60 жастан асқан бір тұрғынның кіндік грыжасы отаны сәтті жасап шыққан.
- Бүгінде науқастардың жағдайы жақсы. Дәрігерлердің бақылауында, ауруханада. Ары қарай отадан кейінгі күтім бойынша нұсқау беріліп қадағаланады, - дейді Түпқараған аудандық ауруханасы директорының міндетін атқарушы Нұрлыбек Жалғасбаев.