Бүгін Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас эпидемиологы Марал Қадыр №21 референдум учаскесінде таңдау жасап, дауыс берді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Бүгін біз үшін маңызды саяси науқан өтіп жатыр. Осы ретте ҚР-ның азаматы ретінде референдумға өз үлесімді қосуға келдім. Ұрпағымыз бен еліміздің жарқын болашағы үшін Ата Заңымыздағы өзгерістерге референдум арқылы дауыс беріп, таңдау жасадым", - деді өңірдің бас эпидемиологы Марал Қадыр.
Айта кетейік, №21 референдум учаскесі 11 шағынаудан тұрғындарына арналған. Таңғы сағат 07:00-ден бастап белсенді жұмыс істеуде. Тұрғындар 20:00-ге дейін дауыс беру құқығына ие.