Жаңаөзендік Korkem Alem компаниясы алдағы күзде өзінің алғашқы фирмалық дүкенінің есігін ашпақ. Осыған орай компания ұжымы дүкен сатушыларының киім эскизін дайындап беретін дизайнерлер арасында байқау жариялады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Байқау 20 маусым мен 20 шілде арасында компанияның әлеуметтік желі парақшасында өтеді. Ал 25 шілде күні жеңімпаз анықталады. Жалпы жүлде қоры – 500 000 теңге.
- «Командамызбен ақылдаса келе бұл істі мамандарға тапсыруды жөн көрдік. Яғни тігін шеберлерінің арасында шағын байқау жариялап отырмыз. Қай үміткердің ұсынған киім үлгісі көңілден шығады, соны таңдап аламыз. Сонымен қатар байқаудың географиясы – өзіміздің Маңғыстау. Себебі, біздің тағы бір мақсатымыз – жергілікті кәсіпкерлерді, азаматтарды қолдау» - дейді компания басшысы Темір Сәкенұлы.