Тәулік бойы жұмыс істейтін Түпқараған аудандық ауруханасынан жыл басынан бері 496 адам ем қабылдап, 14 тұрғынға үйден қызмет көрсетілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
Сондай-ақ, республикалық және облыстық оңалту орталықтарына 37 тұрғын жіберілді. Оның 10-ы бала, 27-сі ересек адам.
- Жалпы аудан бойынша бірнеше емдеу-сауықтыру мекемелері бар. Түпқараған аудандық орталық ауруханасы, аудандық емхана, Ақшұқыр дәрігерлік амбулаториясы, Таушық дәрігерлік амбулаториясы, Баутино дәрігерлік амбулаториясы, Сайын Шапағатов дәрігерлік амбулаториясы, Қызыл-Өзен дәрігерлік амбулаториясы. Мұнда ақ халаттылар халық денсаулығын сақтауда қызмет көрсетіп, ем-шаралар мен тиісті деңгейдегі оталарды жүргізеді. Бүгінде ауруханада 59 дәрігер мен 168 орта буын қызметкері жұмыс істейді, - деді Нұрлыбек Жалғасбаев.
Айта кетейік, Түпқараған аудандық емханасында сall-center жұмыс істейді. Шағымдар мен ұсыныстарды 28-4-58, ішкі аудит 28-4-52 нөмірі арқылы айтуға болады.