Ақтау қаласына қарасты Өмірзақ ауылының әкімі Жетібай Құбашев 2022 жылғы II тоқсанда атқарылған жұмыстар мен ауылдағы мәселелердің шешілуі жөнінде есеп берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігінің баспөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауыл әкімі жылдың басында өткен есеп беру кездесуде көтерілген мәселелерге тоқталып, жұмыс барысымен таныстырып өтті.
Атап айтсақ, иесіз жүрген үй жануарларын қамау және шаруашылық иелерінің мал қораларын көшіру, қоқыстарды уақытылы алу, "Рауан" тұрғын массивінің сыртқы көшелерін жарықтандыру, сонымен қатар, мектеп, емхана, жабық спорт алаңы мен мәдениет кешенін салу сынды жұмыстарға кеңінен тоқталды.